26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Білімнің шамшырағы - Ыбырай Алтынсарин






Бір Аллаға сыйынып,

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – дейді қазақтың ұлы ағартушы, педагог, үлкен-кішімізге, қай-қайсымыз болмасын білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған ұстаз Ыбырай Алтынсарин. Міне,бүгін осындай алып тұлғаға 180 жыл толып отыр! Дала қоңырауы,қараңғы қазақтың жарық сыйлап жол сілтеушісі,білім нұрын шәкірттеріне сеуіп,бойларына дарытқан ұлы тұлға ел есінен ешқашан кетпес.Ендеше ұлы педагог туралы өз ойтолғауымды жазайын. Тұңғыш ағартушы, ұлы ұстаз! Тұңғыш білім ордасын ашқан ұстаз! Тұңғыш қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз! Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ зиялыларының көшбасшысы, халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен ағартушы Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары өшпес тарихта мәңгі сақталары анық.Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпапау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Ол өз халқын жан тәнімен сүйіп, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсауы нағыз патриоттықтың белгісі.Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел жұртын көрші елдің өнер -білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Ыбырай атамыз елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мқұтажына перзенттік махаббатын арнаған , туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырғаны рас. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып елдің тарихы, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті көрсетіп, адал еңбектің, адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Жалпы Ыбырай Алтынсарин өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор. Ол өзінің саналы ғұмырын, жігерін ағартушылыққа салып, жас ұрпағына арнады.Ақын шығармаларының рухани адамгершілік білім беруде маңызы зор. Ғұлама шығармаларының барлығы дерлік оқырманын адамгершілікке, әділдікке, жақсылыққа, шынайы достыққа шақырады. Жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды. Ақиқатқа жүгініп, сезімге берілмей дұрыс әрекет жасау, қиянат жасамай, риясыз қызмет қылу. Мұның бәрі . шығармаларынан ғана емес, ізгі педагогтың өмір жолынан да байқай аламыз. Ыбырай Алтынсарин жырлаған құндылықтар оның бойынан көрініс тапқан, кемел тұлға десем артық айтпағаным болар. Ақиқаттан туындағанның барлығы дұрыс әрекет. Адам өзін парызға арнауы тиіс деп білемін. Ақын шығармаларының маған берген әсері зор, қай әңгімесін алсақ та жақсы мен жаманды салыстыру, өмір суреттерін шынайы көрсету, қанағатшылдық, білімге деген құштарлық адам бойындағы жақсы қасиеттерді әр адамға бағыттай білетін сөз жетпес байлық пен өсиет екені белгілі.

Мал, дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы

Күннен-күнге көп болар

Еш жұтамақ жоқ болар.

Ғұлама ақын Адамға ең бірінші керегі білім емес тәрбие екенін алға тартқан.



Әнуарова Ақбата

Әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1- курс студенті

Ф.А.Қозыбақова

Ғылыми жоба жетекшісі Әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры