26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Ұлт зиялылары






Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының “Зар заман” өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?

...Мына заман қай заман?!

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Мұның өзі зар заман

(Шортанбай ақын)

Зар зар заман,зар заман...

Зарлап өткен бар заман...

Зар заманның аяғы –

Заманың кетті баяғы..,-деп Шортанбай Қанайұлы отаршыл Ресейдің озбыр саясатындағы ұнамсыз өзгерістерді бар жанымен сезініп, олардан өзі жиреніп, халықты да жирендіре жырлады.

Асан қайғы: “ Мұнан соң қилы – қилы заман болар, заман озып, заң тозып,жаман болар,- деген көрегенділігі мен Шортанбай ақынның ойының ұштасуында үлкен мән жатыр.

“Бұл асылық, асқан заманда,

Ұл туады атаменен елесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп,

Баласы кетті тыюдан”,- деп кейбір ұл мен қыздың ата-анасын сыйламауы, құрметтеуі ақын жанын күйзелтеді.Осындай жолға түсуіне кім кінәлә? Міне, осы мәселеге ақын қоғамдағы өзгерісінде тұрғысынан қарайды. Ал бүгінгі заманның жастары қандай?

Біріншіден, балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасынан, туған-туысынан,жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасын да сыйлай алмай, қоғамға да, кері әсерін тигізеді.Осы орайда, ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин: “Тәрбиенің қайнар көзі – отбасы”,-екендігін айқындай түскен-ді.

Екіншіден, “Болашақ-жастардың қолында”- дегенді жиі айтамыз. Бірақ осы сөздің мәнін терең түсініп жүрміз бе?

Баласы кетті тыюдан.

Масқаралар тайғаны

Жас сыйласып тұрудан.

Адал зада баланы

Таба алмассың рудан.

Ұлың киді дүрия,

Ұстараның жүзіндей

Аударылған дүния.

Қызың киді биқасап

Тергеп кимей байқастап,

Кешкі тұрым болғанда

Құлан менен бұландай

Үйде тұрмас ойқастап,- осы бір өлең жолдары да ұл-қызымыздың ақ жолдан тайып, заманның азғырған айқын көрінісі емес пе еді?! Осыған тұспа-тұс келетін, қазіргі жастардың көпшілігінде өз өміріне деген жауапкершілік пен ар-ұят азайып бара жатқандай. Бүгінгі қоғамда жастардың әдептен озбай, өзін-өзі тәрбиелеуі әлі де жетіспейді.

Үшіншіден, денсаулыққа зиян келтіретін – есірткі, темекі, ішімді. Бұлар – жастардың ой – санасын улап, азғындық жолға түсіреді. Ата-бабамыз: “Көпке топырақ шашпа”,- дейді. Дей тұрғанмен, қоғамдағы кейбір жастардың жағымсыз әрекеттері көңілге қаяу түсірері анық.

Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлы өз заманының ащы шындығын аша білді. Заманның азғындығын “ зар заман” деп атады. Жастарды адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдылыққа, қайырымдылыққа дін жолы арқылы жеткізуге болады деді. Абай атамыздың “Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық”,- деген сөзі бар. Осы сөзді жадымызға сақтап, келешек жастарға насихаттап жүру жөн болар...

У. М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Борашева Ләззат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті