26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Көрнекті қоғам қайраткері - Әлихан Бөкейханов






Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының ауылында дүниеге келген. Ол Шыңғысханның тікелей ұрпағы еді. Әлихан бай отбасында өмір сүрді және балалық шағында жалданған тәрбиешілермен бірге оқыды. Содан кейін ол үш сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды. Кейінірек ол Омбы техникалық мектебінде, содан кейін Санкт-Петербург қаласында императорлық орман институтында оқыды. Ә.Бөкейханов жастайынан жоғары интеллектуалды өмірге құштар болды. Оның тек қазақ әдебиеті саласында ғана емес, туған өлкесінің тарихы мен географиясында да бай білімдері болды. Сонымен қатар Әлихан орыс және әлем әдебиетімен әуестенді. Санкт-Петербург қаласында оқып жүргенде ол алғаш рет еуропалық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Студент кезінде ол түрколог В.Радлов, шығыстанушы В.Бартольд, саясаткер А.Керенский т.б. көрнекті қайраткерлермен жақын болды. 1903 жылы Әлихан Бөкейханов көп томдық альманахта «Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты еңбегін жариялады Сонымен қатар көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, монографиялар мен мақалалар жазды. Сол жылдары ол Ресей империясы иелігіндегі көшпелі халықтарға өмір сүрудің қиындығын көреді. Патша және жергілікті биліктің қарапайым халыққа қарсы саясатының куәсы болды. Ә.Бөкейханов бұл саясаттың көшпелі халықтар зардап шеккеніне бейжай қарай алмады. Ресей империясының отаршылдығыына қарсы күрескен Әлихан қазақ зиялыларынан құрылған қоғамдық қозғалыстың басшысы әрі белсенді мүшесі болады. Ә.Бөкейхановтың идеялық көзқарастары 1913 жылдан бастап шыққан «Қазақ» газетінде жарияланды. «Алаш» партиясы 1917 жылы шілде айында құрылған болса, 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезінде Ә.Бөкейханов өзі төраға қызметін атқарған Алаш автономиясын, яғни қазақтардың дербес мемлекетін жариялайды. 1917 жылы «Алаш» партиясының жетекшісі демократиялық Уақытша үкімет аясында қазақ халқы автономияға қол жеткізе алады деп үміттенді. Алайда Ә.Бөкейханов пен оның жақтастарының жоспары орындалмай қалды. Жыл сайын большевизмнің күшеюімен елдегі режим репрессивті болады. «Алаш» партиясы мүшелері бақылауға алынып, 1926 жылы Ә.Бөкейханов Мәскеу қаласына шақыртылады. Осы жылдары ол бірнеше рет тұтқындалып, босатылады. Сонда да өзінің белсенді қоғамдық қызметін жалғастырады. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы негізсіз айып тағып, Ә.Бөкейхановты ату жазасына кеседі. Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық азаттық жолындағы күресіне арнаған Ә.Бөкейханов соңғы демі біткенше сол мақсаты жолында сан қилы қиындықтарға қарсы тұра білді. Қазақ халқының саяси, әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпес із қалдырған тұлға есімі ел тарихында мәңгіге қалатыны сөзсіз.

У.М.Джолдыбаева – тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, Зейнолла Али - Шығыстану факультеті шетел филология мамандығының 1 курс студенті