26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

ҰБТ өмір соңы емес






Қазіргі талапкерлер үшін әсіресе мектеп бітіруге шақ қалып, қызықты бала шақтың соңғы күндерін аяқтап үлкен өмірге қадам басқалы тұрған оқушылардың алдында үлкен қоқыныш бар ол ҰБТ.

Иә, бұл сенің білімінді тексеріп, алдағы өміріне бағыт болып табылады. Бірақ көп талапкерлер ҰБТ десе жандары шығып қоқынышпен үрейлері басына шығып біраз ессізденетіндеріде бар, барлығы емес. Бірақ ҰБТ өмір соңы емес, одан кейінде сізді жақын болашақ күтіп тұрғаның ұмытпаңыз. Мен сізге өз ойларымды жазып кетейін керек болса өмірлік ұстаным ретінде қабылдаңыз. Айтқанымды ақыл емес үлкен мотивация деп қабылдаңыз.

Біріншіден егер сіз ҰБТ дан қорқып үрейленіп жүсеңіз еш уайымдамаңыз бұл әрбір талапкерде болатын дүние, жәй ғана өзіңізге сеніңіз. Қандай жағдай болмасын тек өзіңізге сеніңіз. Ақылыңызбен еңбегіңіз екі жақтап өзі-ақ алып шығады.

Екіншіден жүйелі дайындалсаңыз сізде мүлде қиындық болмайды. Нақты жоспармен жұмыс жасаңыз, күнделікті интернетке кіріп тест шешумен не болмаса тест жаттаумен басыңызды ауырпаңыз белгілі бір уақыт аралығында айналысаңыз. Сізге үлкен көмек болады.

Үшіншіден ешқашан асығыстық танытпаңыз. Асықпаған арбамен қоян алар дегендей еш асықпай жүйелі түрде жұмыс жасасаңыз ҰБТ деген сізге дым емес. Көп адамның қателігі асығыстық болып жатады бұған сіз жол бермеңіз.
Төртіншіден тақалғанда дайындалмаңыз ең қауіптісі осы адамның нағыз паникада жүретін кезі ұбтға шақ қалғанда дайындалып аз бал жинап қалғандағысы. Ол үлкен қауіп себебі уақытыңызды босқа өткізіп келіп аз уақыт шамасында күні-түні дайындық жасау ұйқы бұзылуына, шаршанқылыққа әкеледі.

Менің бар айтарым осы. Құрметті талапкерлер бүгіннен бастап болашаққа қамданыңыз. Ұбтдан еш қорықпаңыз. Ұбт өмірддің соңы емес. Одан кейін жарқын болашақ бар.