Оқушыларға
Алаш жұрты мойындаған алып тұлға
Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
А.Н.Серов
Музыка жан тыныштығын орнатып,адамды ләззат сезімге бөлендіреді. Ол жан-дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді.Өлмейтін өнерімен танымал болған,ізін қалдырған алып тұлға, белгілі әнші, актер, композитор Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 15 қазанда Семей облысы Аягөз ауданы Малтыкөл ауылында дүниеге келді. Алматы қаласынын Республикалық эстрада студиясының Жүсіпбек Елебековтың класын бітірген. Әнге ғашық жүрегімен бізді ғашық қылдырған-Тұрсынғазы аға.
Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев.Алып тұлға 50-ге жуық әннің авторы. Әндерінің көбі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөздерінде жазылған. Бірқатар өлеңдері әнге қосылды, соның ішінде «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл». Сондай-ақ әйгілі ақындар Қадыр-Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова, сонымен қатар жергілікті ақындар Т. Әбдіхакимов, А. Сапышев, А. Ибраев өлеңдеріне жазған әндері әйгілі болды. 1994 жылы «Сәби болғым келеді» атты әндер жинағы шықты. Ол Қазақстан ұлттық мәдениетінің өркендеуіне көп үлес қосты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Саз серілері», Күләш Байсейітова, Естай атындағы ақындар мен әншілер сайысының бірінші сыйлығының лауреаты. М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Тұрсынғазы Рахимов домбырамен ән салу мектебіне жетекшілік етті. Өнер өлкесінде атты сазды-қонақжай клубының төрағасы.
Шығыстың шынары,қазақ барда сіздің әніңіз өлмейді!
Аспандиярова Гүлім Нүрланқызы, Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.
Жетекшісі Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры