Оқушыларға
Тәуелсіздікке 30 жыл
Биылғы, 2021 жыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл біздің ата-бабаларымыз армандаған маңызды күн. Тарих үшін 30 жыл бұл тез өтіп кететін уақыт болса, көптеген халықтар үшін бұл қиындықтар мен қуаныштардың, дағдарыстар мен көтерілістердің дәуірі болуы мүмкін. Біз осы жолмен жүріп өттік. Қазақ халқының тарихында көтерілістер мен құлдырау, жеңістер мен жеңілістер аз болған жоқ.
Біз тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан жас мемлекет болып саналғанымызбен, тарихы тереңде жатқаны мәлім. Бүгінде халқымыз тыныш бейбіт өмір сүріп отырғаны халықты қуантады. Сондықтан да біз достық пен бейбітшілікті қадірлеуді үйренуіміз керек. Қазақстандықтардың өзара татулық пен келісімде, толеранттылық жағдайында болуы келешек ұрпақ үшін үлкен бақыт.
Біздің Отанымыздың екі елордасы бар, бай әрі қуатты держава, яғни еліміздің солтүстігінде - заманауи Нұр-сұлтан қаласы, ал оңтүстігінде – әсем Алматы қаласы орналасқан.
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандығының сан ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Қазірде халқымыз өз мәдениетін, тілін, діні мен дәстүрін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Еліміздің әрбір азаматы ел тәуелсіздігін мақтан етеді. Еліміздің тәуелсіздігі - үш жүз жылға үзілген ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті иелігі екені белгілі. Біздің парызымыз - республикамыздың Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бағалау және құрметтеу. Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы біз біртұтас ажырамас отбасы мүшесі екенімізді сезінеміз. Бүкіл әлем бізді рәміздер нышандары арқылы таниды. Қазақстанның ең басты байлығы - ұзақ жылдар бойы жер бетінде салтанат құрып отырған Бейбітшілік екені мәлім. Елімізде мекендеген көптеген ұлттар мен халықтардың өз тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Сондықтан да барлық ұлттар мен халықтың өкілдерін достық пен түсіністік біріктіреді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқы Ассамблеясын» құру идеясы өте уақтылы әрі дана болған деп санаймын. Мұндай институттардың күш-жігерінің арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері өздерін жайлы және қауіпсіз сезінеді. Ұлтаралық келісімнің бұл бірегей моделі еліміздің экономикалық табыстарының қозғаушы күшіне, әлеуметтік, саяси және мәдени міндеттерді шешудің іргетасына айналды.
Елбасы Кеңес дәуірінде әлсіреп, өтпелі кезеңде дамуын тоқтатқан экономиканы нығайтып, Қазақстанды әлемдік қоғамдастық құрметтейтін мемлекетке айналдырды. Ол ұлттық байлықтың қалыптасуына, кеңестік қудалау мен айыру жылдарында туған жерлерінен алыс кетуге мәжбүр болған мыңдаған отандастардың тарихи отанына оралуына жағдай жасады. Ұлттық рухтың, ұлттық сана-сезімнің, Елбасының салиқалы саясатының жандануының арқасында елде өз халқы мен Отанына жанқиярлықпен қызмет етуге дайын жастардың жаңа буыны өсті. Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев: «Менің отандастарымның қамқорлығы мен қайғысы - менің тағдырым. Қандай болмасын, мен бәрін Елмен бірге өткіземін, біз бірге жеңеміз». Елбасы жастарды шабыттандырады, патриоттық сезімді оятады. Дегенмен, отыз жыл ішінде ел өзгерді, халықтың тұрмысы жақсарды. Ел тағдыры сыңға түскен шақта ел болып бірігіп, бүкіл әлемді алаңдатқан пандемияны жеңіп шығу өз қолымызда. Болашақта еліміздің өркендеп дамуына, ары қарай жылжуымыз үшін білімді, белсенді қоғам қажет. Еліміздің келешегі жастардың қолында, сондықтан жақсы білім алып, халқымыз үшін адал қызмет етемін.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Д.С.Жұмамұрат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 1 курс студенті