Оқушыларға
Оқытудың онлайн форматы
Смагулова А.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті
Жұмағалиева Л.Ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің
Әлемдік экономика мамандығы 2 курс студенті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасындағы ең танымал,білім деңгейі бойынша алдыңғы орындағыЖОО болып есептеледі. Бүгінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері.
2020 жылдың наурыз айынан бастап барлық Қазақстандық ЖОО орындары,колледждер мен мектептердің онлайн оқу үрдісіне көшкені мәлім.Онлайн оқу процесі қаншалықты студенттер үшін жаңа бағыт болғанына қарамастан,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і алдыңғылардың бірі болып онлайн оқу форматына еш кедергісіз,бірден көшкен болатын.Бұл өз кезегінде ешқандай кедергісіз оқытушы мен студенттердің баяғыша білім алмасуына жақсы жағдай жасалына білді.
Жаңа 2020-2021 оқу жылы да онлайн форматта басталып,өз жұмысын тоқтаусыз жүргізуде.Қазіргі,пандемия жағдайына қарамастан әрбір студент үйінде отырып жоғарғы білім алу үстінде.Онлайн оқу форматы әмбебаптылығымен ерекшеленуде:Zoom,Microsoft Teams платформалары арқылы лекция,семимнар сабақтары жүргізіліп,сонымен қатар,Универ жүйесінде онлайн оқу негіздері мен әдістемелік нұсқаулықтар көрсетілген.СДО мудл жүйесі де студенттердің оқу материалдарын еркін алып,жүктеу қызметін атқарып тұр.Сонымен қатар,жаңа оқу жылы да жақсы жаңалықтармен өз бастамасын алды.Соның бірі оқу үлгерімі жақсы,ақылы бөлімде оқитын студенттерге 20-50% аралығында жылдық оқу ақсына жеңілдіктер берумен қуантты.
«Қазақ Ұлттық Университетіндегі әр күн-әлемді танып білуге арналған бір күн»-десек,артық айтпағанымыз...Себебі,әр күн сайын елімізде,әлемде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер ең бірінші болып дәл осы ҚазҰУ-да сынақтан өтеді.Жақында ғана латын әліпбиінің жаңа жазылу форматы назарымызға ұсынылғаны баршамызға мәлім.Латын әліпбиі-жаңа өмірге бір қадам!Біздің оқу орнының студенттері жеке,жан-жақты дамыған тұлға ретінде латын әліпбиін қолдайды! Бұл тарихымызды жоғалту емес,керісінше,өткенімізді ұлықтап,болашағымызды жарқын етіп құруға ашылған сара жол болмақ!
Халқымызда «Ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген мақал бекерге айтылмаса керек,әрбір жаңа іс,ерекше бастама-болашаққа,дамуға жетелері сөзсіз.Сондықтан,алға қарай қадам жасаудан қорықпай,жаңа инновацияға бет бұру еліміздің қарыштап дамуына әкелері анық!Якорь