26 Қараша, Сейсенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі туралы айтып беремін!






Нашақорлық-қауіпті дерт. Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» болғанын білеміз. Біздің ғасырымыздың басты дерті де осы-нашақорлық.

Біреулер есірткі таратып байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген білмеген киіп танытамыз. Адам баласы болғасын алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз.

Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?-әрине осындай сауалдар адам жанын мазалайды. Есірткіге негізі ұғынбайтын жаста ұрынады. Есірткіні бір рет қолданған адам оған өмір бойы тәуелді болып қала бермек. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділердің 27% 12-16 жастағы балаларды құраса, ал 42% 17-26 жас, яғни жастар. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, ал жастар қорықпайды. Нашақор үшін өлім жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясымен жүргізілген зерттеулер олардың есірткіні іздейтіндігін, ортасы жоқ жасөспірім, жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты, пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қабілетті болса соған ұқсағысы келіп тұрады. Психолог мамандар дәрігерлер «отбасында» бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

Біздің елде және шет елде нашақорлықты емдеумен айналысатын көптеген медициналық орталықтар орналасқан. Сол орталықта қаншама адамдар емделуде. Салауатты өмір салтын ұстану қажет, тек сонда ғана ұрпағымыздың дені сау, таза әлемде өмірге келуі мүмкін. Толық сауығу үшін адамға үлкен ықылас қажет, ал жақындарының махаббаты оған ауыр сырқатпен күресуге көмектеседі. Нашақорлық тек бүгінгі заманның алдында ғана емес, болашақ ұрпақ алдында да кінәлі!

Алдабергенқызы Жансая

8 «А» сынып №21 орта мектеп

Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас ауылы