Оқушыларға
Тауелсіздік күні қаралы ма әлде мерекелі күн бе?
Тәуелсіздік – бабаларымыздың қалап кеткен арманы, олардың ұрпағының, яғни біздердің жетіп отырған қасиетті де киелі сыйымыз, жеңісіміз бен қайсарлығымыздың жемісі деп есептеуге болатын ұғым.
“Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз” - деп атап кетуге болады.
Киелі отанымыздың тәуелсіздіктің бесігінде тербеле, егемендіктің демін сезінгеніне 30 жылға жетер-жетпес уақыт болды. Осынау отыз шақты жыл ішінде Қазақстан өзіміздің көз алдымызда экономикалық тұрғыдан болсын, саяси тұрғыдан болсын дамып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес мемлекет атағын иеленіп, зайырлы ел бола алды .
Қазақстан тауелсіздік алғалы жеткен жетістіктерін тілге тиек етпесе болмас, себебі ол қазіргі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқан еліміз үшін үлкен көрсеткіш.
Ол жоғарыда атап кеткен экономикалық және саяси тұрғыдағы жетістіктерден бөлек беделді халықаралық ұйымлардың мүшесі атануы, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайын өткізуіде бар.
Тәуелсіздікке енді қадам басқан жылы, яғни 1991 жылы көрсетілген мағлұматтар бойынша қазақ тілінде білім алушы топтар орыс тілінде білім алушылардан әлде қайда аз болған, тек 37 % жасөспірім қазақша білім алған. Ал бүгінде еліміздің тілдер мәселесі мен қатар білім жуйесінің де даму көрсеткіші жоғарылап қазақ тілінде оқитын сыныптар екі есе жоғарылап, атап айтқанда 76% -ға көтерілді, осы мерзімге дейін елімізде 1500-нан астам білім алу мекемелері, мектептер салынды. Бұның барлығын тауелсіздігіміздің арқасы деп есептеуге болады.
“Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн”. Осы сөздер қазағымыздың дербестік жолындағы таусылмас күшін сипаттайды.
Қалың қазақтын дербестікке жету жолын өте көлемді әрі қарқынды түрде сипаттап өтуге болатын еді, алайда осы тұста өте өзекті мәселені қамту қажет деп есептеймін.
Тауелсіздікке ұмтылудағы ең қатты, ең маңызы зор соққымыз және ең улкен құрбанымыз болған ол 1986 жылғы жастарымыз болды. Сол оқиғаның желтоқсан айында орын алғаны мәлім. Ал қазірде біздер қазағымыздың болашағы, үміт артар ертеңі болу керек жастардың қаза тапқан қаралы айының бүгінде мерекеге толы ай болуы улкен қателік пе алде желтоқсанда қара жамылып отырған халықтың жарасын жеңілдетуге бағытталған әрекет пе ?
Желтоқсан қашанда қазақта оқиғаға толы ай болды десек қате болмас себебі ол қазамен ол құрбандықпен қанша халыққа ашық болашақ келді десек болады. Ал келесі көзқараспен зерделейтін болсақ біздер деп қаза тапқан жандарға, олардың туыстарына деген құрметсіздіктің бір көрінісі ретінде қабылдануы мүмкін. Алайда мұны толығымен айта алмаймыз. Желтоқсанның қаралы деп саналмауының бір себебі ретінде сол замандағы укіметтің, басқарушы күштің ұғымы бойынша құрбандардың іс әрекетін дұрыс санамауында да болды деп есептеуге де болады. Сол себептен де халықпен аза тұту қажет болмады деп есептеді. Қазірде желтоқсан қазақ тарихымен қазақ санасында ең киелі де, ең маңызға толы айдардың бірі.
Сол 1986 жылғы оқиғаның қатысушылары да бүгінде желтоқсанды киелі мереке айы деп санайды деп болжам жасауға болады. Олай сеніммен айтуымыздың себебін “Тірі адам тіршілігін жалғастырады” - деген халық мақалымен түсінік берсек болады. Бұл жерде тірі адам деп халқымыздың болашағын теңесек болады, ойсылайша сонша қиындықты бастан кешіре тіршілігімізді болашақ ұрпаққа деген үмітімізді үзбей міне 30 жыл бойы еліміздің тәуелсіз таңды атырып келе жатқанын дәлел ретінде келтіре аламыз. Осы жағдайларға байланысты көңілден шыққан бірер шумақтарыммен бөліссем.
Бұл өмірді дәл осылай сүрер мең.
Қазақ кайсар намысын колға бермесе.
Еркіндікті дәл осылай сезер мең.
Ата -бабаң сені ойлап өлмесе.
Олар болды қазақ атын алған ер.
Олар болды көзінде от жанған ер.
Тірлігінде елін еркін суйе алмай,
Қазақ ушін құрбан болды асыл ер.
Олар марқұм корген азап мендегі
Ақындықтын тіліменен айтылмас.
Олар білген жан азабы мендегі
Асыл сөздің бастауымен жазылмас.
Сөзді айту, сезіну де бір болек.
Білмедім гой, бодан болу тым болек.
Осы күнде еркін алған деміме
Алғыс айту болмады гой дым керек.
Ұлтшыл қазақ жалалы ,темір торға жабылды .
Мұны көрген қазақта қайдан маза табылды.
Қазақ саған елеңдеп ,табынады Желтоксан .
Тәуелсіздік берем деп тағы сынадың Желтоқсан!
Көріп кайғы жастары ,қарттарың түсіп бастары,
Аруларды аялы аямады баяғы.
Сонда қазақ берілмей, тізе бүгіп жеңілмей,
Қазақтағы намысты қорғай алды, алысты .
Касіретін қазақтың көрген гана жазады
Біздей ақын қауымдар кұдіретіне канады.
Мендей ақын айтпаса кімдеи еске алады,
Жүрегімде жаңғырып мәңгі есте қалады.
Сен аңсаған тәуелсіз далада туған мен едім,
Сенің арқан қиындық,бодандықты білмедім.
Сенің атын айтылса жаныма шабыт келеді.
Сенің асқақ атыңды айтуменен келемін,
Туылдым еркін қазақ елінде мен.
Әр қазақ бақытқа толып күлімдеген.
Сездіріп келді азаттык қазағыма
Бостандыққа жетудегі қиындықпен.
Нұрсадық Аяулым, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті www.kaznu.kz, жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна.