Оқушыларға
Отырарлық кемеңгер ойшыл
Тоғызыншы жиырмасыншы ғасырлар аралығында қазақ топырағынан қаншама ғұлама ойшылдар шыққаны баршамызға мәлім. Түркі-ислам өркениеті Жүсіп Баласағұн,Ахмет Иасаауи,Махмұд Қашқари сынды шоқтығы биік жандарды дүниеге алып келді. Ғасырлар толқынында Абай мен Шәкәрім салған жол қазақ философиясын өзіндік ерекшеліктерімен жоғары сапалық дәрежеге көтергені анық. Жоғарыда аталған тарихи тұлғалар мен ғұламаларды бір-бірінен бөле-жара қарастырудың өзі қиын. Дегенмен осынау ұлылардың ішінде Отырардан шыққан филолсоф Әбу Насыр әл-фараби мұрасы бізді қызықтырары сөзсіз. Әл-фараби мұраларында ұлттық кодымыздың бірегей жауһарлары сақталған. Қазақ топырағынан шыққан ғұламаның еңбектерінде ғылымның барлық саласына қатысты ізденістер мен зерттеулер жазылған. Осындай бірегей тұлғаның ғылымдағы ғұламалық сипаты қазақ философиясының дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Әл-фараби заманы оймен өрілген дәуір,Ислам мәдениетінің алтын ғасыры деп айтсақ артық болмас. Сонымен қатар бәрімізге белгілі осы жылы рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес,Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы кеңінен аталып өтілгені мәлім. Осыған орай,әл-Фараби бабамыздың өмірбаянын қайта пайымдап,олқылықтардың орнын толтыруды мақсат еткен. Солардың ішінде әсіресе ұлы ғұлама бабамыздың өміріндегі Отырар қаласы мен ондағы кітапхнасының маңызы ерекше екен. Қазір белгілі болған мәліметтерден,әл-Фараби бабамыздың заманында түркі ғылымы мен мәдениетінің өте жоғары болғанын,ұлы ғұламаның осындай терең білімді араб елдерінде емес,өз елімізде Отырарда алғаны мәлім. Бұған дәлел ұлы ғұлама бабамыздың мына сөзі түсінген адамға нақты жауап десе болады:Бір кісі Әбу Насыр әл-Фарабиге келіп тамаша бір толысып піскен алманы көрсетіп былай деп сұраған екен:Осы алманың бітім-болмысының жақсы болуы неден?Түсі ме,шырыны ма,дәмі ме,әлде бітімі ме деп сұрақ қойыпты. Сонда әл-Фараби бәрінен де оның ұрығы тамаша. Себебі осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой дейді. Осы тамаша сипаттаудағы ұрық-түркі нәсілі десек,Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз білім алған бақ Ұлы Отырар десек дұрыс болар. Сонымен қатар Отырарлық кемеңгер ойшыл яғни Әл-Фараби антикалық Плотин мен Платон академиясының жетекшісі болған Прокл метафизикасы,космологиясы және Ислам дүниетанымы негізінде эманация теориясының негізін қалаған. Ислам дүниесінде алғашқылар қатарынан Платон Республикасы негізінде Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастарын жазып шыққаны баршаға мәлім. Әл-Фараби әлемдік философия тарихында өзіндік орын алған кемеңгер философ ойшыл. Ойшылдың әлемдік өркениетке қосқан үлесі орасан зор. Сонымен қатар тарихи деректер әл-Фараби аудармалары арқылы көптеген көне грек философ ғалымдарының мұралары мирас болып бізге жеткенін кейбір деректер баяндайды. Біз ұлы ойшыл мирастарының қазақ халқының дүниетанымы мен мәдениеті үшін маңызы күн өткен сайын артып келе жатқанына көзімізді жеткізгеніміз дұрыс. Шынында әл-Фараби мұралары өз дәуірінен озып,қазіргі адамзат баласының игілігі үшін қызмет етіп жатқаны мәлім. Қорыта келе Әл-Фараби сияқты ғаламдық ұлы тұлғаның еңбектері біршама уақыттан бері әлемнің көптеген ғалымдары тарапынан зерттеліп келеді. Біздің еліміздегі зерттеулер осы үлкен үдерістің жалғасы десек те болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Дінтану мамандығының студенті Ризабек Лашын ғылыми жетекшісі ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Тунгатова Улжан Аскарбаевна. www.kaznu.kz