25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Жанға жылу сыйлаған Харекет!






Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің, — деген қазақ xалқы. Қайырымдылық – ізгілікті, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын білдіре алатын сүйіспеншілік. Бүгінде Республика бойынша көптеген қайырымдылық қорлар өжағдай төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жылу сыйлау мақсатында баспана табыстап жүр. Соның ішінде Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорын тілге тиек етсек. Харекет қоры 2017 жылы Гүлмира Мұқанқызының демеушілігімен қор ретінде Алматы қаласында негізі қаланды. Одан бері өнер жұлдыздары мен бірлесе отырып қомақты қаржы жинаса, қазіргі сәтте «Өнер Қырандары» театрымен бірлесе отыра «1000 теңгеге баспана» атты бастама құрып, Республика бойынша 350-ге жуық баспана сыйлады. Оның ішінде Түркістан облысы бойынша биылғы жылдың ішінде 70-ке жуық баспана табыстаса, Шымкент қаласына 20 баспана табыс етті. Күні кеше Шымкент қаласының тұрғыны төрт баланың анасы Тайжанова Мадина әпкемізге, 341-ші баспананың кілті табысталды. Харекет қоры жыл соңын 400 баспанамен қорытындылау жоспарын құрып отыр. Әр-бір отбасыға жан жылуын сыйлап жүрген Харекет қайырымдылық қорына толағай табыс, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз!

Хожанова Клара Алматқызы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетінің 1 курс студенті