25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Талдықорғанда жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі орнатылды






Талдықорған қаласында жақында қоғамдық көлік құрылымы жақсартылды, бірнеше жыл бұрын смарт аялдамалар салынған болатын, енді автобустарда жол жүру төлемдерін қабылдаудың заманауи жүйесі орнатылды.

Бұған дейін қалада ескі жүйе болған, яғни адамдар жол ақысын қолма-қол төлеген болатын. Енді әр автобуста төлемді қабылдайтын шағын терминалдар бар, кәзірше жол ақысын түрлі жолдармен төлеуге болады.

Қоғамдық көлікте жүруді жеңілдету үшін арнайы AlemPay картасын сатып алу керек. Егер сізде бұл карта болмаса, онда сіздің жол жүру бағасы 120 теңге, ал егер сізде карта болса, онда жол жүру құны 80 теңгені құрайды. Жол ақысын төлеуге арналған арнайы картаны Қазпоштаның кез келген бөлімінен таба аласыз. Сондай-ақ егер сізде QR функциясы бар банктік қосымша болса, сіз сондай-ақ жол жүру ақысын 80 теңге бағасымен төлей аласыз. Қазір қалада жаңа автобустарды көруге болады, олар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда үлкен және өз жұмыстарын жақсы орындайды. Жаңа төлем қабылдайтын терминалдар қаланың барлық автобустарында орнатылған.

Мамандардың айтуынша, қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі ақша қаражатының түсуінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

ҚР-ның тағы бес қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу іске қосылады. Талдықорғаннан басқа тағы Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Қостанай қалаларында іске қосылады.

Мадияр Мұратбеков Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ халықаралық коммуникация менеджменті факультеті журналистика және жарнама мамандығының студенті