25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Жауапкершілік - сақтық жаршысы






Адам баласының тұлға болып қалыптасып, қалыпты өмір сүруіне біршама рухани қасиеттер қажеттілігі туындайды. Сол қасиеттердің бірі- тұлғаның жеке бас жауапкершілігі. Жалпы жауапкершілік ұғымы, адамның жеке басына жүктелген міндеттерін саналы түрде сезініп, орындау барысында сипатталатын адамгершілік қасиетті білдіреді. Бұл қасиет адамның рухани жетістіктері үшін аса маңызды болып табылады. Ал қазіргі заманда, әсіресе қазіргідей ел басына күн туған пандемия жағдайында жауапкершілік адамның жеке игілігінен өзге айналасындағылардың пайдасы үшін де маңызды болып отыр. Демек, жеке адам жауапкершілгі қоғам реттілігі үшін де маңызыды рөл атқарады.

Тақырып турасындағы жауапкершіліктің сақтық шараларымен байланысын сипаттауға қазіргі вирус жағдайы негіз болып отыр. Күллі әлемді дүрліктіріп, қалыпты өмірді өзгерткен коронавирус біздің еліміздің маңайын сан мәрте маңайлап, ақыры шақырусыз қонақ болып келіп, халқымыздың құтын қашырды.

Ызғарлы желтоқсан айының соңында көршілес Қытай елінің Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз індет тарады деген ақпараттар жария бола бастады. Уақыт өте келе, адамды өлімге дейін апаратын қауіпті тұмау түрі деген де сыбыстар ести бастадық. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары көршілес елдің ахуалын жарыса жазып жатты. Дерт біздің елімізге келмеген соң, аса мән бермей, іштей Жаратушыға сақтай көр деп дұға етіп, көршілес күншығыс еліне аурудан жылдам құтылуларын тілеп, тілектестік білдіріп, уайымсыз қалыпты тіршілігімізді жалғастыра бердік. Алайда, жағдай жақсарудың орнына керісінше дерт жылдам тарала бастады. Індет Қытай шекарасынан шығып, әлемге тарала бастады. Жағдайды бақылауда ұстап отырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 28 қаңтарда вирустың таралу қаупі өте жоғары екенін мойындап, арнайы дабыл қақты.

Әлемде болып жатқан дерт, біздің елімізді айналып өтіп кетпейтінін біле тұра, кейбір Отандастарымыз вирустың бар екеніне күмән білдіріп, оны саясаттың кезекті жоспары деп білді. Осылайша, сенімсіздік танытып, дертті түрліше жорып, дендетіп алғанымыз өз алдына, дерт елімізге келіп, ауырғандар саны артып, кісі өлімі орын алғанда да вирустан өз деңгейінде қорғана алмадық.

Қыс бітіп, көктем шықты. Шуақты күндер басталғанымен наурыз айы біздің елге аса қайырлы бола қойған жоқ. Наурыз айының 16 шы жұлдызында елде ресми түрде төтенше жағдай енгізілді. Үкімет карантин енгізіп, сақтық шараларын жеделдете бастап жатқанда, бұйрықты елемей, көшелерде еркін сауық-сайран құрып, себепсіз сабылып жүрген жұмырбастылар тыйылмады. Карантин ережелерін бұзып, ерекше батылдыққа ие болған адамдар бірді-екілі жүргіншілер емес, бұқаралық ақпарат көздерінің дәйегіне сүйенсек, көшеде себепсіз сенделгендерден басқа, қалаға тығыла кірмек болған немесе қаладан жасырын жолдар арқылы шықпақ болған, бетперде кимеген, түрлі жиылыстар өткізген ақылы таяз, жауапкершілігі төмен мыңдаған азаматтар болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылыққа байланысты айыппұлдар төлеген адамдар саны күн санап өсті. Бұл цифраларды нақты ақпаратқа айналдыру қазір де мүмкін болмай отыр. Себебі, жауапкершілігі төмен отандастарымыз әлі де заңбұзушылықтарға баруда.

Үйреншікті әдет бойынша, дерт алғаш дендей бастағанда уақытында нақты шараларға көше алмаған үкіметті айыптасақ, үкімет басындағылар бел шешіп кірісе бастағанда қарапайым бұқараның жауапкершілігі өз дәрежесін көрсете бастады. Осылай, екі тарап жауапкершілгі сынға түсіп жатқан шақта, елдегі жағдай үрейлендіре ушығып кетті. Сайып келгенде, елдегі және қоғамдағы бар жағдай әр адамның жеке бас жауапкершілігіне келіп тіреледі. Бұл тұжырымның мағынасын айшықтау үшін “Коронавируспен күресте қабылданған шаралардың тиімділігі 70% азаматтардың санасына, және санитарлық эпидемиялогиялық талаптардың сақталуына байланысты” деген денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесін алға тарта аламыз.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, қабылдап жатқан тұрақтандыру шараларының тиімділігі мен медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына тек 30% -ға ғана байланысты. Осылайша, қалған 70%-ы бетперде режимін сақтау, оның ішінде 30%-ы гигиенаны сақтау, сондай-ақ 40%-ы әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау кіреді. Осы проценттік көрсеткіштерден нәтиже шығарылса, еліміз аты шулы індетті әлдеқашан құрықтаған болар еді. Алайда, қоғамдық орындарда бетпердесіз ағылудың әсерінен үздік нәтижеге жету мүмкін болмай тұр.

Вирустан қорғанудың маңызды жолы-медициналық бетперде тағу. Бетпердені қай кезде болмасын тағу адамның өз еркінде. Дәрігерлердің зерттеуінше, Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінде, адамдар сәл тұмаурата қалса, бетперде киюді әдетке айналдырған екен. Өз бойындағы вирусты өзгеге жұқтырмас үшін дағдыланған бұл әрекет күншығыс елдерінін жауапкершілік дәрежесін көрсетеді.

Қашанда жақсыдан үлгі алуды насихаттайтын халқымыз осы ақпаратпен сусындап, жауапкершілікті сезіне игі болар еді. Бір өкініштісі, қарапайым жұртшылықтың барлығы тегіс бетперде киіп, сақтау шараларын сақтап жүрген жоқ. Бұйрық қатты, жан тәтті деп, үкімет бетперде киюді Қашанда жақсыдан үлгі алуды насихаттайтын халқымыз осы ақпаратпен сусындап, жауапкершілікті сезіне игі болар еді. Бір өкініштісі, қарапайым жұртшылықтың барлығы тегіс бетперде киіп, сақтау шараларын сақтап жүрген жоқ. Бұйрық қатты, жан тәтті деп, үкімет бетперде киюді міндеттеп бұйрық та шығарды. Алайда, бетперде ки деп ескерткен тәртіп сақшыларына наразылық білдірген азаматтар тіптен таңқалдырады. Төтенше жағдай енгізілгелі бері тәртіп сақшыларымен қақтығысқан азаматтар да табылды. Сондағы түйетініміз, адамның денсаулығы өзінен бұрын тәртіп сақшысын алаңдататын болып шықты.

Бетперде өз алдына, “вирустан Құдай өзі сақтасын!” деген ұранды желеу етіп, жиын тойды жиілеткен Отандастарымыздың әрекеті тіптен ашуыңды туғызады. Құдай сақтасын деген желеуге, сақтансаң сақтайды деген тіркесті қосып алса қалай болар еді?! “Қазақтың тойы’ деген аты дардай статусымыз бүгінде вирустың таралуына тікелей себепкер болып отырған сорымызға айналды.

Қорыта тұжырымдасақ, төтенше жағдай режимдеріне көнбей, ашық және жасырын түрде заңбұзушылықтарға жол берген азаматтардың жауапкершілігі жоқтығы, сананың төмендігімен үйлесім құрып, адами қасиеттің тоқырауына алып келіп отыр. Той, сауық –сайран өмірдің ерекше есте қалар тамаша сәттері екені ақиқат, сол секілді карантин режимі мен шектеулердің де мәңгілік еместігін ұмытпауымыз қажет. Өзіміздің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, індетке санитарлық талаптармен қатар рухани қасиеттермен де қасқая қарсы тұруымыз қажет.

Қашанда жақсыдан үлгі алуды насихаттайтын халқымыз осы ақпаратпен сусындап, жауапкершілікті сезіне игі болар еді. Бір өкініштісі, қарапайым жұртшылықтың барлығы тегіс бетперде киіп, сақтау шараларын сақтап жүрген жоқ. Бұйрық қатты, жан тәтті деп, үкімет бетперде киюді міндеттеп бұйрық та шығарды. Алайда, бетперде ки деп ескерткен тәртіп сақшыларына наразылық білдірген азаматтар тіптен таңқалдырады. Төтенше жағдай енгізілгелі бері тәртіп сақшыларымен қақтығысқан азаматтар да табылды. Сондағы түйетініміз, адамның денсаулығы өзінен бұрын тәртіп сақшысын алаңдататын болып шықты.

Бетперде өз алдына, “вирустан Құдай өзі сақтасын!” деген ұранды желеу етіп, жиын тойды жиілеткен Отандастарымыздың әрекеті тіптен ашуыңды туғызады. Құдай сақтасын деген желеуге, сақтансаң сақтайды деген тіркесті қосып алса қалай болар еді?! “Қазақтың тойы’ деген аты дардай статусымыз бүгінде вирустың таралуына тікелей себепкер болып отырған сорымызға айналды.

Қорыта тұжырымдасақ, төтенше жағдай режимдеріне көнбей, ашық және жасырын түрде заңбұзушылықтарға жол берген азаматтардың жауапкершілігі жоқтығы, сананың төмендігімен үйлесім құрып, адами қасиеттің тоқырауына алып келіп отыр. Той, сауық–сайран өмірдің ерекше есте қалар тамаша сәттері екені ақиқат, сол секілді карантин режимі мен шектеулердің де мәңгілік еместігін ұмытпауымыз қажет. Өзіміздің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, індетке санитарлық талаптармен қатар рухани қасиеттермен де қасқая қарсы тұруымыз қажет.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті ФММК журналистика 2 курс студенті Дуйсахан Алуа Канаткызы