25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Енді депутаттар ұйықтамайды






Түрлі мақсаттағы жиындарда, кеңестерде билік өкілдерінің қалғып немесе ұйықтап жатқанын түрлі әдістермен көріп, естіп жүрсіздер. Ең алғашқы біз тараптат билікке айтар уәж әрине жақсы болмайды. Алдымен ол мәжілістің қалай өткенін анық-қанығын біліп алуымыз қажет.

Менімше жасы кемелденген кісінің маңызды жиында қалғып кетуі мүмкін емес. Менің біршама билік жиналыстарынын аңғарғаным, жиын форматы бір сарынмен өтеді екен.Яғни бір билік өкілі мінберден сөйлегенде, қағаз бетіндегі мәтінді бір сарынмен, бір ғана ырғақта айтады. Ол кісілерде түсіндіретін жерін нақышында түсіндіріу, айқайлап айтатын жерін дауыстап айту немес бәсең үнмен айтылатын сөздерді дұрыс айтпау секілді қателіктер кетеді.Осындай бір ырғақпен көңіл-күйсіз айтылған мәтін кімнің ұйқысын келтірмесін.

Қалғып кету салдарын болдырмас үшін депутат, министр ағаларымыздың бойында ораторлық қасиет, сөзшеңдік қасиет басым болуы керек. Әр сөйлемнің әртүрлі, дұрыс айтылуы аудиторияны шаршатпайды. Ораторлық қасиеті бар адам халық түсінбеген мәселені жақша, сызығына дейін айтып бере алады.

2010 жылдан бері қарай бір жиында көгілдір отынның неге қымбаттап жатқанын түсіндірмек болып бір министр мінберег көтерілді.Өзіндік салаға тән термин сөздермен сөз бастап кетіп еді, Елбасымыз мұнай саласындағы қызметкерге: -Мен білемін көгілдір отынның(бензиннің) бағасы неге қымбат екенін, ал сен егін даласында тракторына бензин таппай отырған шаруаға, қарапайым халыққа түсіндірші, -дегені бар еді.

Бұнымен белгілі бір саладағы қызметкердің өзіндік терминдерін қолданбай халыққа бірдене түсіндіруі өте қиын .

Сондықта ораторлық қасиеті бар адам барлық жанға, барлық нәрсені түсіндіре біледі және аудиторияны қалғып кетпейтіндей етіп ұстай алады...