25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Шетелге кетіп жатқан қазақ жастарының саны артуда






Шет елге деген құмарлық артуда. Халқымыздың тағдыры не болмақ?!

Елімізде шет елге еліктеп, байлықтың артынан кетіп жатқан жастар саны артуда. Байлығы асып-тасып жатқанын кім қаламайды? Бірақ байлық артынан барамын деп, қателік жасап, қайтып келіп жатқандар саны да аз емес-ті. Араларында тіптен шет елде жүріп, апатқа ұшырап жатқандары бар.

«Қазақстаннан біреу кетіп бара жатқанын естігенде алаңдаймын. Егер біз олар кететін жерге қарағанда жақсы жағдай жасасақ неге кетуі керек, не үшін? Сондықтан жергілікті жерлерде әкімдіктер өте мұқият болуы керек. Неліктен олар көрші елдердің жоғарғы оқу орындарына кетеді. Бізде жақсы болатындай етіп жасауы керек. Ең бастысы, үздік білім қажет.» - дейді Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев. Расыменде, елімізде осындай жағдайлар жасалып жатса да, шет елге кетіп, сол жақтан білім алуды мақсат ететін жастар саны көбеюде. Еуропа, Кореяға кетіп жатқан жастар саны күннен күнге артуда. Кейбіреулері сапалы білімді көздесе, кейбіреулері ақшаны көздейді. «Шет елдік оқудың ақшасы Қазақстандық оқудың ақшасына қарағанда анағұрлым арзан.» - дейді шетелде жүрген отандастарымыз. Олардың айтуынша, Қазақстандық ақшамен салыстырғанда жылына 60 мың теңге төлеп жоғары білім алады екен, ал елімізде ондай оқудың ақшасы кемінде 600 мың тенге. Шетелден алынған диплом барлық жерде жарамды. «Оқуға жақсы көңіл бөлінеді. Мұғалімдердің жалақысы жақсы.Сондай-ақ шетелдерде мұғалім дәрежесінің жоғарылығынан, шетелде білім сапасы жоғары дейді. Бұл процесс мотивация арқасында іске асырылуда. Қазақстанға ең қажет нәрселердің бірі осы – мотивация. Мотивацияның жоқтығынан елімізде адамдар жұмысын толығымен атқармайтын сияқты.» – дейді Кәусар Ануарбек.

Жазғы демалыс кезінде отандық жұлдыздарымыз да қалталары көтерсе, шетел асуға асығады. Мәселен: жұлдызды отбасы Қарақат пен Қыдырәлі елімізден бөлек шетелдерде, әсіресе Түркияда демалғанды жөн көреді екен. Ал осы жақын арада Анталиядан жұлдызды жұп үй алып, қоныс тойын жасады.

Тағы бір отандық жұлдызымыз Дана Кентай Тайланд еліне жиі баратын болды. Айтуынша, Тайландтын адамдары жарқын жүзді, ауа райы жылы, қолайлы екен. Бұл жағынан, қарап отырсақ, өз отанымыздың да адамдары кем түспейді. Себебі, біздің халық өз қонағын жылы жүзбен, құшақ жая қарсы алатын халық.

Осыдан 1 апта бұрын отбасымен шетелде демалған Алтынай Жорабаева Түркиядан 7 жұлдызды пәтер сатып алғанын Instagram желісінде хабарлады. Жұлдыздың жанкүйерлерінің біреулері шын жүректен қуанып жатса, енді біреулері жырақта болады деген оймен уайымдап жатыр деседі.

Қорыта айтқанда, жалпы кейбір адамдар шетелге мұқтаждықтан шығып жатса, енді бірі тек мақтан үшін шығады. Тіптен сол жақтан үй алып, сол жақта тұруды мақсат ететіндер де бар. Ал енді біреулері, шетелге байлық соңынан барады. Қазіргі таңда ондай жастар саны артуда. Бірақ көз салып қарасақ, біздің ел де шетелден асып түспесе, кем түспейді. Еліміз ауасы таза, табиғаты керемет, еліміз бай. Қаншама демалатын көркем жерлер бар. Мәселен; Борабай, Көктөбе және тағы басқада демалыс орындары табиғатымен ерекшеленеді. Ал бағасы сол шетелге барып келгенмен бірдей болмаса, одан қымбат емес. Әрине, әркімнің өз қалауы шетелге шығамын десе, бірақ өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген қанатты сөздерді ұмытпаған жөн.

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар Және Әлем Тілдері Университетінің 1 курс студенті

Каирзаманова Эльдана