Оқушыларға
Нашақорлық дертін болдырмау - жастар қолында
Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап қолға алынып келеді. Бүгінде бұл шаралардың еліміз үшін маңызы зор. Себебі, Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану проблемасы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте көлемді таралып отыр.
Мені Неге жастар есірткіге құмар? деген ой бәрінен бұрын қатты мазалауда. Осы орайда , сұрағыма жауап табу үшін нашақорлар ортасымен дос болған сыныптасым Дінмұхамедпен кішігірім сұхбат өткіздім.
Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?
-Жасөспірімдер аса аңғалдау және еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен барлығын бастайды. Сонында, оған қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады.
Жас буын арасында есірткіге қол жеткізу неге оңай жүзеге асады?
- Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматтарды интернет желілерінен, теледидардан, және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті, қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қанығудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені интернетті ашып қалсаң болғаны, содан есірткіні қайдан сататынын және сол есірткіні өзін үйінде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді.
Сіздің ойыңызша жалпы нашақорлық неден бастау алады ?-деген сауалыма Дінмұхамед:
-Менің жалпы бұрынғы ортам- есірткіге тәуелді адамдардан тұрғандықтан , олар байланысты жетерлік жағдайлар білемін. Есірткіге тәуелділік әр адамда әр түрлі басталады. Біреуде қызық көруден болса ,біреуінде жеке басының қиындықтарынан басталуы мүмкін. Есірткі қолданып, барлық қиындықтарын ұмытқысы келеді. Алайда, оның арты одан да үлкен қиындықтарға алып келерін олар, өкінішке орай білмейді.
Айтар ақылым: Есірткі-әуестікпен дәмін көріп, жалыққан соң тастап кететін ойыншық емес. Дәмін тату дегеніміз – шыңырауға қарай қадам басу деген сөз. Ал шыңырауға құлауға аяқ басып, одан кейін қайта ойланып, қайта оралу мүмкін емес! Есірткі түптің-түбі өлімге алып келеді,-деген жауап қайтарды.
Бұдан түйетін ой, Нашақорлық ауруынан айығу – Қазақстанның жас өрендері – біздің парызымыз. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі мүшелері ғана зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, ас қорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалатынын естен шығармау керектігін қайталаймын.
Біз,адамзатты толғандыратын, өмір сүруіне қауіп әкелетін ХХІ ғасырдың дертіне қарсы тұруымыз қажет. 2017 жыды өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап атап өтті. Сол себептен де, бәрін өзімізден бастап, еліміздің дамуына ат салысуымыз керек.Елбасымыздың жолдауын тыңдап, оны дұрыс сараптай білсек, елімізді нашақорлықтан, есірткі құрығынан құтқарамыз.
Оралбекова Дильназ Дауренқызы