Оқушыларға
Адамдық шыңы - мал табу ма?
Адам бол-мал тап - көпшілігіңізге таныс бұл нақыл Абай атамыздікі. Сонда Абай: адам болу үшін тек мал табу керектігін айтқанба? Адамдық малмен өлшене ме? Бұл туралы абайтанушы Омар Жәлелұлы жауап берді:
-Адам дүниге не үшін келген? Адам дүниеге, адам болу үшін келгенғой. Бойыңдағы бүкіл қабілетіңді ашу үшін келгенбіз. Абай атамыз:адам бойындағы бүкіл қабілетін ашу үшін, адам болу үшін-мал керек дейді. Адам өзі екі нәрседен тұрады: жан мен тәннен. Адам деп жанды айтамыз, тәнді айтпаймыз. Жан уақытша келген бұл дүниге. Ал тән, жанның мейманханасы. - Мал не үшін керек? - дегенде, Абай атамыз:Егер біз тінге ішу, жеу, ұйықтауды бермесек, ол жанға мейманхана болуға жарамайды. Бірінші адам болу үшін ішсем,жесем,ұйықтасам деген мәселерді шешіп алу керек. Осылар шешілмей, ғылым мен өнер жоқ. . .
Көп адам адам болудың шыңы мал табу деп үстірт түсінеді. Мал табу адам болудың шыңы емес. Мал табу адам болудың шарты ғана.
Абай атамыз:қазақтар құдайдан мал сұрайды, бірақ құдайдың беріп тұрғанын білмейді. Адамға малды алдын ала беріп қойған. Не берді? - құдай адамға мал табатын қуат берді. Он екі мүшенің қуаты, құдайдың бергені.
Қаншама тепсе темір үзетін жігіттер үйінде жұмыссыз жатыр. Олар құдайдың берген қуатын пайдаланып жатқан жоқ. Егер пайдаланса ғылым мен ақылды игере алады.