Оқушыларға
Көне тарих сыр шертеді
Тарих есте қалатын ерекше дүние. Тарих қойнауында жатқан ашылмаған дүниелер өте көп. Біз үшін жұмбақ болып, шешілуі қиын түйіндей болған оқиғаларды болжап қана айта аламыз. Қазақ тарихына үңіліп көрейік,осы кезге дейін халқым не көрмеді? Жоңғар шабуылы, аюдай ақырған Ресей империяның езгісі, ашаршылық кезеңі, «Бай мен кедей жоқ қоғам құрамыз» деп ұрандағн социалистік кезең, Қоқан мен Хиуа хандықтарының шайқастарына да төтеп бердік.
Кең байтақ, қойнауы қазынаға толы жерімізге көз алартқан халықтар аз болмады. Елім, жерім деп қасық қаны қалғанда жан берісіп, жан алысқан батырларымыз да аз болмады. Тарихымыздың шежіреге толы сыр сандығындай болған, түйіні көп шешілмес кезеңдер қаншама .
Қаншама адамның өмірін жалмаған ашаршылықтың себебінің өзі әлі күнге түсініксіз. Екі миллионға жуық қазақтың өмірін жалмаған ашаршылық 1931-1933 жылдары бір мәрте емес, бірнеше мәрте қайтанлануы. Қанды жылдардың себептерін тек болжай аламыз. Архив беттерінде ақтарған ғалымдарымыз нақты жауап таба алмай жатыр. Біздің елімізбен қатар, Украина жерінде де ашаршылық болды.Бірақ, оның зардабы дәл біздің елемездегідей емес , жеңіл болды. Солақай саясаттың ауыр көрінісі бұнымен тоқтамады. Елімізді бодан етіп біржола ашса алақанында, жұмса жұдырығында алуды ойлаған Ресейдің айла шарғысы таусылмады. «Халық жауы» деген жазықсыз жала жабылып, ату жазасын кесілген қазақ ағартушылары қаншама? Дін жоқ деп қазақты иманынан, бай мен кедей жоқ» деп малынан айырды. Малы мен дінінен айырылған қазақты оятуды ойлаған қазақ зиялыларын жазықсыз ату жазасына кесіп отырды. Тек қазақтың қамын ойлаған азаматтардың шығармаларында кешегі күнге дейін халқымыз білмей келді. Жыраулар мен шешендердің шығармалары басылым беттеріне шығарылмады. Еліміздің басына төнген қара бұлт сейіп 1991 жылы Тәуелсіз ел болдық.Өз жеріміз,еліміз,дініміз,тіліміз болып,бейбіт өмірге қадам бастық.Сол бір азаматтарымыздың арқасында елде тыныштық орнады.
Рашид Назерке