25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Жақсы журналист болудың сыры






Алдымен журналист қандай болуы керек? деген сұраққа жауап беріп алайық. Яғни, журналист жан-жақты дамыған, әрқашан шындықты айтатын, әділеттілікті қолдайтын, ақ пен қараның ара жігін ажырата алатын, жақсылық пен жамандықты айыра алатын адам болуы керек. Журналист ақпаратты қабылдап жеткізіп қана қоймай, жақсы жаза білуі, өзіндік айтатын ойын жіктеп, саралап, керемет сөз тіркестерін қолданып және әрбір сөзді дұрыс орнымен пайдаланып оқырманға жеткізе білуі маңызды. Сондықтан жақсы журналист болудың бірінші жолы - дұрыс жаза білу. Тағы бір айта кететін жайт, неғұрлым дұрыс және әдемі жазсаңыз, соғұрлым нақты әрі дәл сөйлеуге үйренесіз. Көпшілік алдында немесе камера алдында болсын сөйлей білу өнері үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге дүниетаным деңгейіне ерекше назар аудару қажет. Бұл біздің ақыл - ойымыз бізді қызықтырғанда, білгенде, зерттеп зерделегенде алатын ақпараттарымыз. Екінің бірі журналист бола алмайды деп жатады, менің ойымша бұл адамның қабілетіне, ынта-жігеріне, ықылас-ниетіне және де күш-қуатына байланысты. Ең бастысы жұмысына деген құштарлығы, өз халқына деген махаббаты, еліне деген сүйіспеншілігі болса болғаны. Осы ақпаратпен бөлісе отырып өзімді саналы түрде дамыттым деп ойлаймын. Сіздердің де кәделеріңізге жарайды деген сенімдемін.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 2 курс студенті Қалдыбаева Роза