Оқушыларға
Музей-рухани таным өнер ордасы
Музей- рухани таным өнер ордасы. Бұйым көп мұнда маған сыр ұқтырған, Жандаймын жеті атасын жолықтырған Осында келген сайын, көрген сайын, Тарихқа бойлай берем тұнып тұрған. Музей (грек. museim) - музаға арналған орын, муза ғибадатханасы деген сөздің мағынасын білдіреді. «Музалар»- деп гректерде өнер туындыларын айтады. Музей тарихи - ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтары т. б. мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, солардың негізінде жастарға жалпы қоғам мүшелеріне тәлім - тәрбие, беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме. Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа тарихи мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат жүйелері сияқты т. б әлеуметтік салалардың бағыт - бағдарлары, қызметі мен мақсаты - орталық саясат кездерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда музей қызметкерлерінің көтерер салмағы зор. Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім - тәрбие беретін ғылыми - мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізінде жүйеленген мектеп музейлерінің атқаратын қызметтері зор. Музейдің негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи - мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Музейлер өздерінің бірыңғайлылығымен мәдениеттің ерекше өрісін құрайды, онда рухани құндылықтарды құрудың негізі болып адам іс - әрекетінің заттық нәтижелерімен табиғат объектілері қызмет атқарады. Адамзат баласының қазіргі таңдағы тарихи қызығушылығы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр. Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара отырып бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Өйткені музей экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата - бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Олай болса, музейді тарихи куәгер ретінде қараумыз керек. Сондықтан да, бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасында музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Қазақстандағы музейлердің қызметі еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты көп өзгерді. Музей - арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпараттар құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болғандықтан оларға қойылатын талаптарда күшейді. Музей заты, музей ісінің, қызметінің негізгі бағыттары экспозициялық көрмелік қорлық (фонд), мәдени білім беру екендігін біліп, олармен толық танысып, мағұлмат аламыз. Із қалсын деп ілкіден, Іздестірген болар да. Бізге мирас күлкімен Алдымда тұр ақ орда Темір түгіл інжуді. Тұтыныпты бабамыз, Жұқанасын мың жылғы Музейден тек табамыз. Музейдің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймыз. Алға қойылған мақсат – халықаралық музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге енгізіп, XXI ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосылу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін әлемге таныту. Өлке - тану музейі, Өлі, тірі замандар. Өлке - тану музейі, Өлі, тірі адамдар. Тарих өлшемімен алып қарағанда қас қағым сәт болып, саналатын осынау жылдар ішінде еліміз ұлан-асыр биіктерге қол жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізіп дербес мемлекет болған жаңа дәуірімізде Мұқағали поэзиясы, оның бейнесі қайта түлеп жаңа серпінмен қайраттана, қанат қағып ұлт санасының биігіне өрледі. Ұлтымыздың, жас мемлекетіміздің рухани құндылығын құрады. «Мұқағали мұрасы - таптырмас қазына». Оны тәуелсіздік мұраттарына тиімді пайдалану - маңызды мемлекеттік іс. «Ұлтымыздың рухани әлемін Мұқағалисыз елестету мүмкін емес». Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты., ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты мерейтойға қатысушыларды құттықтауында: «Мұқағалидың XX ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны аса үлкен. Ол өзінің рухы асқақ, ұлттық бояуы қанық жырлары арқылы халқымыздың жүрегінен берік орын алған. Оның отты өлеңдеріне жазылған әндерді де жұртшылық әр кез сүйіп тыңдайды. Ел тәуелсіздігімен бірге Мұқағали жырлары да түлеу үстінде деп айта аламыз. Ақынның қаламнан туған шығармаларға әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Жыр жинақтары мен таңдамалы шығармалары жарық көруде. Мемлекет қамқорлығымен мұралары жинастырылып, музейі бой көтерді. Жауһар жырлары әлем тілдеріне аударылуда. Туған елін тебірене жырлаған Мұқағали ақынның өміршең өлеңдері жас ұрпақты болашақта да отаншылдыққа, адамгершілікке баули береді деп сенемін» деп елбасы айрықша анық айтқан. Музейдің негізгі қызметі – Мұқағали өмір сүрген уақыт пен заманды зерттеу, ақын замандастарына байланысты тарихи тың деректер көзін іздестіру, шығармаларын жинастыру, зерттеу, ел аузынан, көнекөз ауыл қарияларынан естеліктер, фотосуреттерді жинау арқылы келешек ұрпаққа уағыздай отырып, мұра етіп қалдыру. Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға қосылған асыл қазыналардың көмбесі. Ақынның әдеби мұрасы ұлттық мұрамыздың жауһарлары қатарына қосылды. Ол әлі сан ұрпақты тәрбиелейтін қуаты бар, шөлдегенде сусын, шаршағанда сая болатын рухани құндылық бола бермек. Мұқағали поэзиясы қазақтың рухын көтеріп, бүкіл рухани әлемін байытты. Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді. Музей – ең алдымен өнер үйі. Мұқағалидың әлемдік деңгейдегі ұлы талантын уағыздайтын киелі орталық. Мұқағали зердесін паналаған рухани игіліктерді жеткізу мүмкін емес. Мұқағали жасап кеткен дүние – енді ұлттық мұра, мәдени кеніш. Оны игеру болашақтың абыройлы міндеті. Өткен тарихын жадына мықты сақтаған ұрпақ қана тәуелсіздігімізді баянды ете алады .
Тұран университетінің журналистика мамандығының 2 курс студенті Бекмұханбет Бірлік Серікұлы