Оқушыларға
Қазіргі жастар бейнесі
Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Ендеше, Қазақстан жастарының әлеуметтік бет-бейнесі қандай? Қазіргі жаһандану жағдайында түрлі әлемдік мәдени процестер Қазақстан жастарына қалай әсер етіп жатыр? Осы мәселелер бойынша ой толғатып көрейін.
Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Шыны керек мен үшін өте ауыр мәселелердің бірі бүгінгі жастар бейнесі. Өзіммен теңдей жастардың ойлау қабілеті өзгергендей. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ қазіргі жастар қашанда оңай жолдың құрбаны десемде артық емес . Мақтанарлық жастарымыз баршылық оғанда шүкір, дегенмен, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген ата-баба сөзі бар емес пе, жаман қылық жоқшылық әрқашанда ең бірінші көзге түседі ғой. Айтпаған қарт кінәлі құлаққа ілмеген жас кінәлі. Қазіргі жастар еліктегіш келеді. Қазақша сөйлеуден ұялатындар да бар. Қазіргі жастардың тең жартысы- озбыр,өзімшіл деп санаймын . Халқымыз бейбіт, тыныш елде өмір сүріп жатыр десекте, олай емес екендігін бүгінгі жастар бейнесінен анық көреміз .Тонау, қылмыс, зорлау, бір-бірін аямай дуние, ақша үшін өлтіріп, мазақ болу бүгінгі жастар бейнесі болып тұр. Ата-бабаларымыз біз үшін, жеріміз үшін шайқасып, салт-дәстүрімізді сақтап, көптеген нақыл сөздер жазып, елді болашақ жастарға аманат етіп кетті. Бір өкініштісі оны түсініп жатқан біздің жастарымыз өте аз. Салт-дәстүрді сақтамай, нақыл сөздерді жаттамай жүрген қазақ аз емес. Алдыңғы күніміз не болады? Оны ешкім ойламайды. Шындыққа ешкім жақ болмай, өтірік ертегіге жақ болып келеді. Мұқағали атамыздың мына өлеңі есіме түсті: Мендегі ерік бөтен, желік бөтен, Ит құйрығын бұлғаса, еріп кетем... Менің ең бір қарным ашатыны, көптеген жастардың өзіндік ұстанымы жоқ екендігі. Мейлі қай тұрғыдан алып қарасақ та... Қоғамдағы түйткілді мәселеге бас ауыртпай-ақ, басқалар не десе мен де солай ойлай салайын деп бас изей салатындар көп. Арам пиғылдыларға ілесіп, бөтен дін, бөтен елдің жыртысын жыртып жүре ме деп те алаңдаймын. Кейде жастарға кінә тағуға хақымыз бар ма деген ой келеді. Аласапыран заманның өтінде, ғасырлар тоғысында туылғандар ғой. Алдыңғы буыннан үйренейін десе, қоғамы басқа. Жаһандану талабына орай Өнер-білім бар жұрттардан үйренуі керек, онымен қоса өз тілін дамытуы керек, өзін дамытам деп қалаға кеткісі келгенімен, ауылын дамытам десе дипломын көтеріп қайтып келуі керек, құрдастары құсап ерте үйленуі, елден қалмай қолжетімді баспанаға қол жеткізуі керек... Ересек елде туылған жастар басқа, өсіп келе жатқан елімен бірге өсіп келе жатқан біздің жастар басқа. Оларға кінә артуға хақымыз бар ма, білмедім...
Тұран университеті журналистика мамандығының 2 курс студенті Шарапиева Рысалды