Оқушыларға
Блогердің қоғамдағы рөлі
Желідегі белсендінің бәрі блогер емес. Журналист блогер болса да, кез келген блогер журналист емес. Жалпы мен осы тақырыпқа қатты қызықтым, көптеген ақпарат жинап тіпті журналистер мен блогерлердің өздерінің де ойын білуге тырыстым . Блогер кім? Қоғамға тигізер пайдасы қандай? Халыққа блогер қажет пе? Журналистердің орнын блогерлер басты ма? Журналистер блогерлерге неге ашулы? Осы сұрақтардың бәрі мені мазалаған болатын.Мені осыншалықты қызықтырған тақырыбыма жауап тапқандаймын.
.
Ең алдымен блогер деген сөз бәрімізге таныс болу үшін анықтап беріп кетейін. «Блогер - осы қоғам айтқысы, көргісі, білгісі келіп тұрған дүниені сыртқа шығаратын өткізгіш. Болды. басқа анықтамасы жоқ»- деп Өркен Кенжебектің дәл осы айтқаны бәрін түсіндірді деген ойдамын. Иә, иә дәл осылай. Блогердің бүгінгі күнде қоғамға беріп жүргені- сауатсыз жазылған ақпарат, мобайлға түсірілген әртүрлі оқиға , саясат туралы ашық ойлар, пайдасы жоқ жалған жазбалар . Міне осы дүниелер қоғам үшін маңызды ма ? Әрине жоқ . Бірақ, жағымсыз жағын ғана қарастыра бергеніміз дұрыс болмас. Блог жүргізудің тиімді жағы да бар.Өйткені: 1.Блогты жүргізу үшін компьютерді егжей-тегжейлі білудің қажеті жоқ. 2.Ұсынылатын сервистердің басым көпшілігі тегін жұмыс істейді. 3.Қазір блог-сервистер барлық саланы қамтиды.Одан Шумер тарихына қызығатындардан бастап,заманауи топтың жанкүйерлеріне дейін өз іздегенін таба алады. Кейбір жағдайларда тіпті осы мобайл телефонға жазылып шығарылған апаттық жағдайдларда өз пайдасын тигізіп қашуы мүмкін. Осы тұста блогерді тағы да анықтай түсу үшін қоғамдағы көпшілікке танымал блогердің бір-екеуін атап өтейін. Өркен Кенжебек еліміздегі халыққа ең танымалы және оқырманы көп блогердің бірден-бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Facebook желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса, ал Instagram желісінде 83 мыңнан аса оқырманы бар. Ол жазбаларында түрлі сала бойынша пікір жазады, өз ойын ашық тәуелсіз жеткізеді. Саясаттан бастап тарихқа дейін ойын айтады. Елде болып жатқан іс-шаралар туралы да өз пікірлерін айқын жазады. Мемлекеттер арасындағы айырмашылыққа да пікір айтқан. Сондай-ақ, Өркен күнделікті өмірде айтулы деген мәселелер жөнінде де жазбалар жариялайды. Ол Facebooke-те тұрақты отырмайтынын, көп көңіл бөлмей кеткенін айтты. Тұрақты түрде тек Instagram-ды қолданады екен. Оған қоса блогер Telegram арнасында техникалық және түрлі саладағы болып жатқан жаңалықтарды жеткізіп, өз ойын білдіріп , тренингтар өткізеді.Халыққа танымал келесі блогер ретінде Тимур Бектұрды мысал ретінде келтіргім келып тұр. Тимур Бектұрдың қазіргі уақытта Instagram желісінде 27 мың оқырманы бар. Ол өз жарияланымдарында IT-технология және оның маңызы, тарих, дін сияқты мәселелерді ашық баламасыз түрде қозғайды. Сондай-ақ, басынан өткен қызықты оқиғаларды, күнделікті өмірдегі мәселелерін әңгімелеп, оқырмандарына жеткізеді. Тимур сонымен қатар YouTube желісіндегі өз арнасын белсенді түрде жүргізеді. Бұл екі блогердің халық үшін пайдасы бар екенін осы тұста айтып өткім келеді . Себебі, Қазақстан журналистикасында экономика,заң,интернет-маркетол әрі техникалық ғылым саласында жазатын журналисттер жетіспейді екен.Осы тұста Тимур Бектур сияқты маркетинг саласында жазатын блогерлердің халық үшін маңызы зор болып тұр. Алайда,журналисттердің бұл блогерлерге айтар өз өкпесі мен табар қателігі бар. «Блогерлер сауатты жаза алмайды-дейді журналисттер. «Айқынның» ашық алаңында журналисттер мен блогерлер арасындағы пікірсайыста өздерінің жан айқайын жеткізіп қалған журналист «Айқын» газетінің тілшісі: Блогерлердің жазған-сызғанынан мектептің жоқтығын анық байқауымызға болады. Бұл блогерлерді мансұқтау, яки жерге қарату емес. Бірақ біздің кезде мектеп көру, жақсы тәрбиеден өту қажеттілік сияқты анықтылығымыз байқалып тұратын. Мәселен, блогерлердің жазбаларын оқып отырып, бір үтірі немесе нүктесі орнында тұрмаса, сол авторды журналистер тарапынан сынға алып, қабылдай алмаймыз. Өйткені сөйлемдердің жүйесіз тұрғаны өз алдына, одан бөлек қарапайым пунктуацияны мүлде білмеу – журналистиканың талаптарын түгел бұзып тұрғандай көрінеді. Осындай уақыттарда журналистер , жазушылар тарапынан ашынғандық танытып тұратынымыз бар. Сондықтан қазір де «блогерлер жиналып жатыр екен» дегенді естісем, шақыртушы, бастаушысы, бағыттаушысы кім екен деген мәселе толғандырады. Әрине, сіздердің түрлі блог сабақтарына қатысып, белгілі бір облыстың, өндірістің жағдайымен танысып, жоқ жерден тақырып тауып, жазып жататындарыңыз, ізденістерініз қуантады. Бұл журналистиканың мобильділігіне әкеледі.Дәл осылай жазып өткен «Айқын» газетінің тілшісі сөзге тиек етіп, блогерлерге журналистердің көңілі толмайтынын ескерте кеткен. Бүгінгі қоғам блогерлерді қабылдамай қоймақ емес. Кемінде 83 мың оқырманы бар блогерді қоғам қабылдамайды деу қате. Демек,блогерлерді қоғам қажет етеді . Бүгінгі таңда блогер болу оңай екенін бәрімізге анық. Бірақ сауатты да білімді , дамыған журналистке қоғам тарапынан әрқашан төрден орын берілмек. Қорытындылай келе қаламына өзі қожа, өзі би, ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілшіні» бүгінгі күнде қоғам қажет етеді екен. Алайда блогердің дәуірі қай уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Бұл ойыммен блогерде бір күні өз дәуірінде қалады , ал журналист қоғам төрінен кетпейді дегім келеді.
Тұран университетінің 2 курс студенті Шарапиева Рысалды Маратқызы