Оқушыларға
Алаш ұстанымы ұтымды
1917жыл 21 шілде қазақ халқы үшін тарихи күн болды себебі дәл сол күні қазақ мәселесін тұңғыш рет заманауи саяси деңгейде қаралса , екіншіден “Алаш” партиясын құру туралы шешім қабылданады. 1906жылы 10 маысымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Жалпы сол жиналыста Әлихан Бөкейханов “Халық еркіндігі ”атты бағдарламасымен таныстырады. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында қойылған талаптар мынадай болды . Қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіпп жариялайтын Заң қабылдау,Ресейден көшіп келушілердің легіне тежеу қою,қазақ жұмысшыларына еркіндік ,теңдік беру ,олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару,қазақ балалары үшін мектеп ,медресе ашу,(“Фикер ”,1905,25 желтоқсан).1905 ж жазда өмірге келген Қарқаралы құзырхатының да талаптары осы мазмұндас болады делінген. Алаш партиясының да ұстанымы да осы іспеттес болды . Оларды қазақстанда тәуелсіздік орнағанын , елде теңдік болғанын қалады. Халықты қандай жағыдай болса да қорғап қалуды көздеді . Ресей империясының Қазақстанға жүргізген саясатына көңілі толмады. Қазақстанды эконмикалық болсын рухани болсын жағыдай жасайтын партия құру керек болды сол заманда ,соның нәтижесінде алаш партиясының негізі қаланған болатын . Жоғарыда айтып өткендей сьезде Алаш партиясын құру туралы шешім қабылдансада , сол кездегі құжаттар жайлы еш дерек жоқ екен . Оны тарихшы , алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді жалпықазақ сьезінің құжаттары сақталмағанын айтады. Бірақ Алаш партиясының жер мәселесі жайлы көтерген мәселелері әлі де күшін жойған жоқ. Себебі қазіргі таңда жер мәселесіне байланысты көптеген шешімін таппай келе жатқан жайттар өте көп десем өтірік болмас... Ал сьезде болған жер мәселесі жайлы Мәмбет Қойгелді былай айтқан: «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 шілде күнгі санында жарияланған съездің қаулысында қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша, жер болғандықтан, қазақ пайдасынан дворяндық, мал өсіру, сауда-өнеркәсіп, курорт, монастырь үшін деп алынған жерлер түгелдей қазақтардың өздеріне қайтарылып берілсін деді» Сьезге дейін газет беттеріне көптеген мақалалар арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілген. “Қазақ”газетіне Міржақып Дулатов мақала жазады. Онда ол мақалада “Ресейде неше түрлі партия бар бірақ олардың мақсат мүдделері қазақ халқына мүлде сай келмейді” . Ал ,1917жылы 21-26шілде күндері яғни бескүнге ұласқан 1 жалпықазақ сьезінде автономия алу мен қатар тәуелсіздікті қоса алу керек деген пікір қызу талқыға түседі. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы Қазақ Республикасы толық тәуелсіздігін алуы керек деген талап қояды . Алайда оған Әлихан Бөкейханов түбегейлі қарсы болады.Бұл жайлы “Аалашорда” фильмінің сценарийінің авторы Болат Мүсірәлі ағамыз айтқан екен. Осы тұста жоғарыда аты аталып өткен тарихшы Мәмбет Қойлыгелді Әлихан Бөкейхановтың айтқан тоқтау сөзін негізге алады . Әлихан Бөкейхановтың айтқан сөзінің қысқаша мазмұны былай болатын `` Орыс халқынан тәуелсіздік алу үшін оларды өзімізге тартуымыз керек, содан кейін ғана тәуелсіздік жарияласақ болады `` делінген.Осы тұста Әлихан Бөкейхановтың айтқаны дұрыс екендігін тарих дәлелдеп жатыр. Кейбір деректерде алаш партиясының ұстанымы мүлде бөлек берілген.Яғни олар Ресей империясын жақтаушы ретінде қарастырылған. Алаш партиясы жайлы жалпы көптеген зерттеулер жүргізілген . Әсіресе менің мақаламда ең көп аты аталған Мәмбет Қойгелді мен Болат Мүрсәлім болды . Жалпы ол кісілердің келтірген деректері көңілімнен шықты. Қазіргі Қазақстанға ораласақ ,өткен кезеңдер мен салыстырғанда Қазақстан көптеген өзгерістерге ұшырады. Алаш партиясы құлағаннан кейін де одан алдын да қазақ халқы не көрмеді десеңізші. Барлық ауыртпалыққа төзе отырып , табандылық табын сөндірмей осы азаттық күнге жеткізді. Қазіргі экономиканы дамыту үшін әлеуметтік мәселелерді дамыту үшін сонау Әлихан Бөкейханов атамыз бастаған ұлт зиялылар қажет секілді. Олар сол заманда мықты саясаткер , ғұлама ғалымда бола білді. Осы тұста тілге тиек етер жан ол Әлихан Бөкейханов ағамыз болатын. Тарихтан оқып біліп жүрмізғой , сонау 1916 жылғы көтерілісте де халықты сабырлыққа шақырып, босқа қан төгіледі деген болатын . Сол сөзінің дұрыс екендігін тарих беттер дәлелдеп жатыр емес пе?! Ол кісілер бір халық мүддесі үшін өмір сүрді. Ал қазірше? Қазір қара басыңның қамын ойлап күн көретін бастық сымақтар көбеймесе азайған жоқ. Себебі ондай адамдар қоғамдағы зиянкестер секілді, тек зиянын тигізеді түкке де пайдасы жоқ. Міне сондай қоғамда экономика, әлеуметтік жағыдай қалай жақсармақ өзіңіз ойлап көріңізші... Осының бәрі сайып келгенде елдегі экономикалық жағыдайының дұрыс болмайтыны мен айқындалады. Егер біз сол зиянкестерден дер кезінде құтылмасақ кейін олар қаптап кетері сөзсіз. Сондықтан ел эконмикасын дамытуда алаш партичсы секілді белгілі талаптар қоюды ұсынар едім. Сонымен қатар сол талаптар жайлы халыққа да үндеу тастау керек. Алаш партиясы бірінші жер мәселесін нысанаға алса екінші сөз бостандығын атап айтқан болатын . Біз демократиялы мемлекет болсақ та ойымыз да ашық жеткізуге батылымыз жетпейді. Яғни ел экономикасы жайлы пікірімізді, жоғарыда отырған ағаларымыз жайлы ащы шындық сайып келгенде айта алмаймыз. Халық биліктен қорқады. Ал ондай қоғам кімге керек. Айтқым келгені халыққа сөз бостандығы берілуі керек. Халықтың да ой пікірі ескерілуі міндетті. Қорыта келгенде, Алаш партиясы жайлы әлі де ашылмаған шындықтар жетерлік. Ал біз оның бір парасын ғана оқып үлгердік . Біз бен сіз білмейтін шындық қаншама?! Алаш партиясының сол кезде ұстанған саясаттын дәл қазір Қазақстанға орнату қажет деп санаймын.