Оқушыларға
Менің сүйікті білім ордам ЕҰУ
Менің асқар таудай армандарым өте көп. Осы армандарымның бірі де бірегейі, мені елордаға, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жетеледі. Осыдан бір жыл ғана арманыма айналған білім ордасы, қазіргі таңда шындыққа айналып, өмірдегі ұмытылмас кездер университет қабырғасындағы керемет күндерді өткізудемін. Білім ордасы маған есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа достар, жаңа адамдар, жаңа білім күтіп тұрғанын оған қоса мойнымдағы үлкен жауапкершілікті сезіндім. Себебі QS World Universities-тің 2010 жылғы рейтинг көрсеткіші бойынша әлемдік ең үздік 500 университет тізіміне енген Қазақстандық тұңғыш білім ордасының студенті болу, әркімге беріле бермейтін мүмкіндік.
Еуразия ұлттық Университеті, осыдан 24 жыл бұрын Елбасының пәрменімен екі ЖОО Целиноград инженерлік құрылыс және Целиноград педагогикалық институтының бірігуі негізінде құрылған болатын. Сол жылдары университетте 5000 жуық студент білім алып, 300 жуық оқытушылар қызмет істесе, бүгінде оқу орны қала ішіндегі қалаға айналған. Қазір мықты инфрақұрылымымен, оқу лабораториялық ғимараттармен, ғылыми зерттеу институттарымен және әлеуметтік әрі мәдени бағыттағы нысандармен толыққан оқу орны. Университетіміздін басты миссиясы, отандық ғылымның әлемдік ықпалдастықта алтын көпір болу және сапалы элиталы мамандар даярлау. Бүгінде ЕҰУ Еуразияшылдық идеясын нақты жүзеге асырып отырған, мемлекеттік басқару, ғылым мен білім, мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік және азаматтық қызметке таңдаулы маман әзірлеп жатқан бірегей орда. Менің сүйікті білім ордам болуына бірден бір себеп, оқу орнына тиесілі мемлекеттік білім беру грант санының көбі техникалық мамандықтарға тиесілі, жалпы грант санының 68% жуығын құрайды. Республикалық көлем бойынша бұл көрсеткіш мемлекеттің техникалық мамандықтарға бөлген грант санының 14% құрайды. Яғни бұл университетте білім аламын деген студентке үлкен мүмкіндік. Жалпы құрамына 36 аса ғылыми зерттеу институттарымен зертханалар қарайтын университетте, шетелдің мемлекет басшылары, нобель сыйлығының лауреаттары, атақты ғалымдармен қайраткерлердің жиі келіп студенттер мен оқытушылар алдында дәріс оқуы дәстүрге айналған. Мұндай кездесулер студенттердің мәдени және интелектуалдық саяси деңгейін көтеруге ықпал етіп, университеттін халықаралық деңгейдегі беделін көтереді. Сонымен қатар ЕҰУ Қазақстан ғылымына өзіндік үлесін қосып, жыл сайын әлемдік маңызды мәселелерді көтеретін республикалық, халықаралық, ғылыми-теориялық семинарлар мен форумдар өткізіп отырады.
Қорыта түйіндім: оқу орнымның осы жетістіктері, бүкіл ұжым мен студенттік ортаның еңселі еңбегі нәтижесі. Менде алдынғы уақытта осы жетістіктердін қатарын толтырамын деп сенемін.
Өмірзақ Мақсат ЕҰУ, 1 курс