25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Әл-Фараби - Ұлы даланың Ұлы тұлғасы






Ақпан айының 22ші жұлдызы сағат 12:00-де Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «әл-Фараби – ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты тақырыбында филология және әлем тілдері факультетінің Шетел филологиясы-101 тобының студенттері арасында ғылыми конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – әл-Фараби туралы деректерді жеткізу, оның өмірлік және шығармашылық жолын саралау, ұлы ғалымның есімін бүгінгі күнде жаңғырту.

Сабақ барысында әл-Фараби туралы деректі видеолар көрсетіліп, ғұлама ойшыл туралы ағылшын тілінде баяндамалар оқылды. Онда әл-Фараби бабамыздың Шығыс философиясының негізін қалаушы екендігі аталып өтілді. Күй ойналып, әл-Фараби туралы өлеңдер оқылды. «Арман» атты өлең жолдарынан әл-Фарабидің бала күнгі арманы расында орындалғанына көзіміз жетіп отыр. Сабақта әл-Фарабидің өмірі туралы, оның әлемдік ғылымда алатын орны мен шығармашылық жолы туралы мәліметтер толық қамтамасыз етілді.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактаттар жазған. Өкінішке қарай, осынау ұшан-теңіз рухани туындылардың көбісі жоғалып, біздің заманымызға тек 40 шақты еңбегі ғана жеткен. Азияның ұлы ғалымдары мен ойшылдары Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Беруни, Бозжани, Омар Хаям және т.б. өздерін Әбу Насыр әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Әбу Әли ибн Сина: «Бұрын еш түсіне алмай жүрген грек метафизикасын толығымен осы әл-Фарабидің кітабын оқып түсіндім» деген екен.

Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті

Ш. Медея, 1-курс студенті