25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Ата-анамен сынып жетекшінің бірлескен әркетін ұйымдастыру






Алматы қаласы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік-гуманитарлық педагогтік колледжі
Бейқұтова Шұғыла Қайратқызы
Ғылыми жетекші: Ташиева Эльвира Айтжанқызы

Сынып жетекші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті бала тәрбиесінде және білім беруде маңызы зор. В.А.Сухомоленский оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударған. «Ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру баланы дұрыс тәрбиелеуге ықпал етеді»-делінген. Отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаны қалыптастырушы факторлардың бірі. Сондықтан да білім беру мен тәрбие саласында ата-ана мен сынып жетекшінің міндеттері тең дәрежеде деп айтуымызға болады. Ата-аналар баланы тәрбиелеу ісінде мектеппен тығыз қарым қатынаста байланыс жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Сынып жетекші ата-аналармен тұрақты байланыс орнатуы міндетті. Ондағы мақсат отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтап кеңес беріп, бала тәрбиесіне араластырып отыруымыз қажет. Сонымен қатар отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету қажет. Ондағы мақсат өмір сүріп жатқан қоғамға сай белгілі бір құқық нормаларын балаға үйрету. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Көптеген жұмыстарды ата-аналармен бірлесе отырып атқару. Қоғамдық іс шараларға ата-аналарды көптеп қатыстырып мектеппен тығыз байланыста болуы тиіс. Сынып жетекші ата-аналар жиналысын көптеп ұйымдастырып отыруы да үлкен қажеттілікті талап етеді. Бұндай жиындарда оқушының тек білім сапасына байланысты ұйымдастырылмауы керек. Ата-аналар жиналыстарында білім берудің және тәрбиенің мақсат міндеттері қарастырылып тиімді әдіс тәсілдері талқылануы қажет. Бүгінгі таңда ата-аналармен жұмыстың кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда. Дегенмен тәжірибелі ұстаздардың көзқарасы бойынша дәстүрлі түрлері өз орындарын жоғалтпауы тиіс. Соның салдарынан мұғалімдер мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінгі кездегі бала тәрбиесінде олардың ой бөлісіп пікір алмасуы ауадай қажет болып тұр. Мектеп оқушыларымен жұмыс атқару көп ізденуді және еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе бастауыш сыныптардағы сынып жетекшілерге жүктелер жауапкершілік мол. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстарды атқаруға болады. Сондықтанда ата аналар өз тарапынан мектепке және сынып жетекшіге тұрақты көмек көрсетіп отыруы қажет.

Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс жасау қажеттілігі:

— Баланың өмірін ұйымдастырып дұрыс тәрбие алуына ықпал жасау

— Баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыру

— Балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда әр түрлі жағдайда оған әсер етуі үшін күш жігерді біріктіру үшін.

Ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс тығыз түрде жүріп отыруы қажет. Ата- аналармен бірлесе отырып түрлі іс шараларды көптеп ұйымдастуыру керек мысалы ауланы көгалдандыру жұмыстары, спрорттық шаралар, өнер байқаулары сонымен қатар сабақтан тыс оқушылармен қызықты уақыт өткізуді сынып жетекшімен бірлесе отырып ұйымдастыру мәдени орындарға көптеп апарып бос уақыттарын да тиімді пайдалануға әрекет жасалуы тиіс.

Сынып жетекшінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесу ұйымдастыруы да дәстүрге айналған деп айтуымызға да болады.Ата-анамен әңгімелесу барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, ұстаздармен және достарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен қатар, сынып жетекші ата-аналарына баланың үлгерімі мен қоғамдық жұмыстарға араласу деңгейін және кейбір қылықтары туралы мәлімет береді. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата–анаға педагогтік кеңес береді.

Қорыта айтқанда сынып жетекші ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Оқушының білімді саналы азамат (ша) болып қалыптасуына ата-анамен сынып жетекшінің атқарар рөлі тең дәрежеде. Себебі, отбасындағы тәрбие де, мектептегі тәрбие де бала өмірі үшін маңызды болып табылады. Екі ортаның да тәрбие процесінде ықпалы зор. Оқушының қызығушылықтары мен білім сапасы, ынтасы туралы мәлімет алмасу маңызды болып табылғандықтан сынып жетекші мен ата-ананың маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

С.Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы 2004 жыл

И.Н Болдырев «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы» Алматы 1987 жыл

С.С Тілеуова , А.З Әліпбек «Педагогика» Шымкент 2006 жыл