25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Талапкер назарына!!!






Ұлттық Біріңғай Тестілеуден өтіп, енді өз армандарымызға қол созып жатырмыз. Сол тестілеудін қалай өткен жайлы айтып өтейін.

Асыға күткен күнде келді әрине жүректе қорқыныш жоқ емес бар, дегенмен, дайындалдымғой жақсы нәтижеге қолым жетер деген үміт тағы ойға оралады. Тестілеуге кірдік кірген сәтте қобалжу болады.

Жалпы айта кетейін мен 2 ай қалғанда шығармашылыққа ауыстым. Менде 2-ақ пән оңай ғой деп босансыған емеспін. Сол күннен бастап бірде-бір жарысты жібермей шамам келгенше қатысатынмын бәрінен жүлделі орынмен оралатынмын. Мақалалар жаздым оның біразы осы сайтта жарық көрсе, бір шамасы облыстық журналдарда шыға бастады. Бір сөзбен айтқанда шығармашылыққа ден қойдым. Тіпті дайындық барысында оңай деп жүрген оқу сауаттылығынан тесттер жинағын алып дайындалдым оның пайдасы тимесе зияны болған жоқ, ал тарих пәнінен таңғы сағат 04:00 де тұрып дайындалатынмын. Менің есте сақтау қабілетім нашарлау болатын сондықтан таңертең ерте тұрып дайындалғанды жөн көрдім, неде болса пайдасы тиді жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Дайындық барысын айтып біттім сол күнге қайта оралайық...

Тестілеуге кіріп, кітапшаны ашып сұрақтарын оқыған сәтте, мен ештенке білмейтінімді түсіндім сұрақтар мүлде бөлек форматта болды. Сонымен сол кезде ойыма келгені өзімізге жақсы таныс шпор деген дүниені пайдалана білу керек, пайдалана алу былай тұрсын сіз іздеген сұрақтар шықса жақсы шықпаса қиынға соғары анық. Есіңде болсын талапкер соткаға сенбе! Саған берер үлкен кеңесім осы оны бәрібір қолдану мүмкін емес. Мен өз басым алып кірдім дегенмен қуат күші бар жоғы 3% болатын, мен алып кіргенде оны қолдана алмайтынымды жақса білдім. Сондықтан үйден шыққанда қуат көзіне қойған жоқпын. Осылай басталған тестілеуден өз басыммен шықтым деп сізге өтірік айтпай-ақ қойайын себебі жалған үміт бергеннен пайда жоқ. Дайындық керек бірақ кітаптар бойынша дайындалыныз біз Жұбанышов деген көмекші құралмен дайындаламызғой шынымды айтсам содан бірде-бір сұрақ келген жоқ. Ең жақсы әдіс ол кітап, кітаппен дайындалуға кеңес беремін. Сұрақтардың тоқсан пайызы кітап сөзімен келді. Жаныңызда отырған серіктесінізбен жақсы қарым- қатынас жасаныз оның өзі сізге үлкен көмек екен. Менің жанымда жігіт отырды соның арқасында тестілеуден жақса өттім. Мен шпор да алып кірмеген болатынмын, жанымдағы серіктесім көп көмектесті өзінің әкелген барлық көмекші құралын маған ұсынды сенесіз бе жолын болды деген осы. Оны пайдалану барысында да көп көмегі тиді. Енді көптен күткен ҰБТ нәтижесімен бөлісейін. Қазақстан тарих пәнінен 10 бал, оқу сауаттылығынан 18 бал алдым әрине бұл нәтиже төмен дегенменде егер көмекші құрал болмаса мен одан да төмен алар едім.

Төмен алдым деп еңсем түскені рас дегенмен алдағы емтиханға дайындық бастадым. Жоғары оқу орынында болатын шығармашылық емтиханың біріншісінен 3740 жинадым, ал екіншісінен 4040 алдым, яғни жоғары нәтижеге жеттім. Барлық балды қосқанда 105 бал шықты. Осы нәтижеге жеткен соң куанышымда шек болмады. Қазір мемлекеттік грантқа өтініш бердім. Аллам қолдап оғанда жетермін.

Сөз соңында айтарым, талапкер дайындық, еңбек, шыдамдылықтың арқасында жақсы нәтижеге жетесің. Дайындықты қазірден баста, тек кеш бастап жүрме, себебі дайындықтың да ерте кеші болатынын ұмытпағайсыз!!!