25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Адамзатқа берілген аманат






Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек деп екінші Аристотель атанған Әл-Фараби айтқандай ,денсаулық қандай жағыдай болсын күтімді талап етеді, Бірінші байлық денсаулық деп ата-бабамыздың өзі денсаулықты бәрінен жоғары санаған.
Меніңше , денсаулық деген сөзбен дәрігер деген сөз қосарлана жүретін секілді . Демек, сол дәрігерге соңғы рет қашан бардық екен. Ауырып жанымыз көзімізге көрінгенде аурухананы жағалап кетемізғой неге соның алдын алмасқа мысалы спортпен айналысып дегендей. Жақсы денсаулық ұзақ өмір кепілі болса, спорт сол денсаулықтың кепілдігі екенін біле тұра сол спорт пен өзіміз айналыспай жатамыз. Соның нәтижесінде денеге артық май жиналып, жүріп тұру қиынға түседі. Одан қалса буын аурулары дейсіз бе тағысын тағы сондай сырқаттар шыға бастайды . Адам денсаулығына ерекше көңіл бөлу керек екенін барша дәрігерлеріміз болсын , көпті көрген қарияларымыздың өздері өсиет ете білген . Дегенменде қазір мынадай заманда күйбен тірлікпен жүріп өзге тұрмақ өзімізді ұмытамыз. Күнде таңертен тым құрыған да 5 минут болсын денеңізді шынықтырып алыңыз сонда күні бойы сергек жүруіңізге кішкентай болсын септігі тиері хақ. Тағы айта кетерлігі бәріміздің қолымыздан келері анық ол дұрыс тамақтану өз уақыты мен тамақ ішуде манызды екенін ұмытпаңыз .

Ал ендеше, сізге денсаулық жайлы бірнеше факторларды келтірейін. Арықтағыңыз келе ме? Ендеше қараңыз. Арықтау жолында неше түрлі тәуекелген басын тігіп жүргендер үшін жаңалығымыз бар. Сұлулықтың кілтін іздеп жүрген тәжірибе жасаушылар тышқанды сынақтан өткізіп, құрамында май мен көмірсуы және рутині бар тамақпен қоректенген тышқанның күрт арықтағанына куә болды. Ендігі мәселе Бұл тәжірибені адамдарға қолдануға бола ма? деген сұрақ. Рутин пияздың құрамында көп екенін білеміз. Алайда, арықтау жолындағы арулардың құлағына алтын сырға: Рутин ащы пияздан басқа, алма, цитрус, клюкваның құрамында бар екен. Демек, алма мен цитрусты жемістер жеу арқылы арықтауыңызға болады. Бір ескерте кетерлік жайт арықтауға көмектесетін таблеткаларды қолдануыңызға тиым салар едім. Себебі олардың әсері уақытша сізге зияны тимесе пайдасы жоқ осы сөзімді ескере жүрерсіз деген үміттемін оқырман.

Мамандар ауыз қуысын жиі тазалап тұрмау жүректің қалыпты жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді деп айтуда. Әрине, статистикаға көз салсаңыз, тісіңді қазір-ақ шайғың кеп кетеді. Сенбесеңіз, мынаны қараңыз. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет шаймаса, адамның жүрек ауруына шалдығу мүмкіндігі 70 %-ға артады екен! Тістегі қалдықты кетіруге кез келген тіс щеткасының күші жете бермейді. Сондықтан, тіс щеткасын таңдауға салғырт қарамаңыз. Қымбат тіс щеткасын алып қойсаңыз, бұл сіздің денсаулығыңыз үшін ұзақ уақыт сенімді түрде қызмет ететін болады. Біз мән бермейтіе ұсақ-түйек деп қолды бір сілтей салатын дүниелердің өзі адамды ауыр сырқатқа душар ететініне жүз пайыз сенімді болған шығарсыз. Сондықтан денсаулығыңызға әрқашан күтіммен қараңыз. Денсаулық ол - Алланың адамзатқа берген аманаты сондықтан аманатқа қиянат жасамай оған күтіммен қарайық....

Сізге зор денсаулық тілеймін!!!