Оқушыларға
PO - аниондарының жеке реакциялары
Шымкент қаласы
№2 «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің
Аг – 22 -18қ топ студенті Абдувахапова Озода Жаналиевна
Ғылыми жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы
PO43- - аниондарының жеке реакциялары
Тіршілік үшін фосфордың маңызы өте зор, себебі фосфор нерв белогының сүйек, тіс, ми белоктарының құрамында болады. Сүйектің негізін Ca3(PO4)2 – фосфорит, тіс негізін Ca3F(PO4)3 аппатит құрайды. Адам организімінде кальций фосфатының массалық үлесі 3% құрайды. Қан, тканьдер сұйығында KH2PO4, Na2HPO4 және NaH2PO4 тұздары болады,басқа фосфаттар,гидрофосфаттар (MeHPO4) организімнің зат алмасу процесін жақсарту үшін қолданылады. Фосфаттар Me3PO4 мен гидрофосфаттфрдың (Me2HPO4) судағы ерітінділері сілтілік қасиет көрсетеді, (фосфаттар Me3PO4 -тің pH = 12,6, гидрофосфаттар pH = 9,7) дигидрофосфаттар қышқылдық қасиет көрсетеді. (H2PO4- рН = 4,7) гидрофосфат пен дигидрофосфат қоспасы буферлі ерітінді болып табылады, тірі организімдер үшін оның маңызы өте зор.
Барий хлоридімен әрекеттесуі.
BaCl2 натрий гидрофосфатымен ақ түсті BaHPO4 тұнбасын береді. Аммиак қатысында барий фосфаты пайда болады.
BaCl2 + 2NaH2PO4 + 2 NH4OH → Ba3(PO4)2 + 2NH4Cl + 4NaOH
2 HPO42- + 3Ba2+ + 2NH3→ Ba3(PO4)2 + 2NH4+
Ba3(PO4)2 минералды қышқылдарда ериді.
Ba3(PO4)2 + 6HNO3 → 3 Ba(NO3)2 + 2H3PO4
Пробиркаға Na2HPO4 ерітіндісі мен барий хлоридінің 5-10 тамшыларын алып, әрекеттестіру. Тұнбаның ерігіштігін тексеру.
AgNO3 әрекеттесуі:
Күміс нитраты фосфаттармен сары түсті Ag3PO4 тұнбасын түзеді. Ag3PO4 азот қышқылында, аммиак ерітіндісінде ериді.
Реакцияның орындалуы:
Na2HPO4 + 3AgNO3→ Ag3PO4↓ + 3NaNO3 + HNO3
PO43- + 3AgNO3→ Ag3PO4
Ag3PO4↓ + 3H+→ 3Ag+ + H3PO4
Пробиркаға H3PO4 пен AgNO3 ерітінділерінің әрқайсысынан 5-10 тамшыдан алып, сары тұнбаның түзілгенін байқау. Тұнбаның HNO3 пен аммиак ерітінділеріндегі ерігіштігін тексеру.
Магнезиялық қоспамен (MgCl2 + NH4Cl) әрекеттесуі. Магнезиялық қоспа натрий гидрофосфатымен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.
Реакцияның орындалуы:
MgCl2 + NH4Cl + Na2HPO4→ MgNH4PO4 + 2NaCl
HPO42- + Mg2+ + NH4+→ MgNH4PO4
Пробиркаға 2-3 тамшыдан MgCl2 мен NH4Cl алып, оған Na2HPO4 қосып, араластырып, 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады. Ерітінді лайланады.
Аммоний молибдатымен әрекеттесуі.
Концентрлі HNO3 еріген аммоний молибдаты фосфаттарымен аммоний фосформолибдатының сары түсті кристалдық тұнбасын түзеді:
Реакцияның орындалуы:
Na3PO4 + 3 NH4Cl + 12(NH4)2MoO4 + 24 HNO3→
(NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O + 24 NH4NO3 + 3 NaCl
PO43- + 3 NH4+ + 12 MoO42- + 24 H+→ (NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O
Тұнба түсу үшін реагент артық мөлшерде алынуы қажет, егер де фосфат иондары жеткіліксіз болса, тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары түске боялады. Ерітіндіге кристалдық NH4NO3 қосылса, реакцияның сезгіштігі артады.