Оқушыларға
Сурьма, қалайы иондарын анықтау
Шымкент қаласы
№2 «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің
Фарм – 23 -18қ топ студенті Сәтім Ақзада Талғатқызы
Ғылыми жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы
Sb (III) иондары сілті және аммиак ерітінділерімен метасурьма қышқылының ақ түсті тұнбасын түзеді:
H3[SbCl6] + 6 NaOH → Sb(OH)3↓ +6 NaCl + 3 H2O
3 H+ + [SbCl6]3- + 6 OH- → Sb(OH)3↓ +6 Cl- + 3 H2O
Тұнба сілтілердің артық мөлшерінде және күшті қышқылдырда ериді:
Sb(OH)3↓ + NaOH → Na[Sb(OH)4]
Sb(OH)3↓ + OH - → [Sb(OH)4]-
Реакцияның орындалуы.
Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Тұнбаны екіге бөліп HCl және NaOH ерітінділерінде еріту қажет.
Гидролиз реакциясы.
Sb(ІІІ) тұздарының сұйытылған ерітінділері, әсіресе қыздыран кезде гидролизденеді. Реакция нәтижесінде ақ түсті негіздік тұз – сурьманың(ІІІ)- оксохлориді SbOСІ түзіледі:
Реакцияның орындалуы.
SbCl3 + HOH ↔ SbOСІ ↓+ 2HCl
Sb3+ + Cl- + HOH ↔ SbOCl ↓ + 2 H+
SbО+ бір зарядты катионның ролін атқарады. Тұнба тұз қышқылында (әсіресе қыздырғанда) ериді: SbOCl ↓ + 2 HСІ+ Cl- ↔ SbCl4- + H2O .
Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 5-6 тамшы дистилденген су қосып, буландырғышта қыздыру қажет.
Na2S2O3 әсері
Әлсіз қышқыл ортада сурьма (ІІІ) тұздары мен натрий тиосульфатын қыздырған кезде қызыл түсті сурьма (ІІІ) оксидінің дисульфиді тұнбаға түседі.
Реакцияның орындалуы.
2 SbCl3 + 2 Na2S2O3 + 3 H2O → Sb2OS2↓ + 2 Na2SO4 + 6 HCl
2 Sb3+ + 2 S2O32- + 3 H2O → Sb2OS2↓ + 2 SO42- + 6 H+
Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына әлсіз қышқылдық ортада 2-3 тамшы Na2S2O3 ерітіндісін қосып, буландырғышта қыздырады.
H2S әсері
Күкіртті сутек қышқылдық ортада сурьма (ІІІ) иондарымен ашық қызғылт сары түсті аморфты тұнба түзеді.
Реакцияның орындалуы.
2 SbCl3 + 3 H2S → Sb2S3 ↓ + 6 HCl
2 Sb 3+ + 3 H2S → Sb2S3 ↓ + 6 H+
Сұйытылған бейтарап ерітінділерден түсті коллоидты ерітінді Sb2S3 түзіледі. Сурьма (ІІІ) сульфиді Na2S, (NH4)2S , (NH4)2S2 , NaOH ерітінділерімен тиотұздар береді:
Реакцияның орындалуы.
Sb2S3 +3 (NH4)2S → 2 (NH4)3Sb2S3
Sb2S3 +3 (NH4)2S2 → 2 (NH4)3SbS4 + S
Тиотұздар тұрақсыз қосылыстар, олар тұз қышқылдарының әсерінен бұзылады да, сульфид тұнбаға түседі:
Реакцияның орындалуы.
2 (NH4)3SbS3 + 6 HCl → Sb2S3 ↓ + 3 H2S ↑ + 6 NH4Cl
Сурьма (ІІІ) сульфиді 6 н. тұз қышқылы ерітіндісінде ериді (As2S3, As2As5 ерімейді).
Реакцияның орындалуы.
Sb2S3 + 6 HCl → 2 SbCl3 + 3 H2S ↑
Азот қышқылымен нашар еритін ақ түсті HSbО3 түзеді:
Реакцияның орындалуы.
3 Sb2S3 + 10 HNO3 → 6 HSbО3 ↓+ 9 S + 10 NO + 2 H2O
немесе:
Sb2S3 + 28 HNO3 → 2 HSbО3 ↓+ 3 H2SO4 + 28 NO2 + 10 H2O
Sb2S3 + 18 H2O – 28 e- → 2 HSbО3 + 3 SO42- + 34 H+1
NO3- + 2 H + + 1 e- → NO2 + H2O 28
__________________________________________________
Sb2S3 + 28 NO3- + 22 H+ → 2 HSbО3 + SO42- + 28 NO2 + 10 H2O
Sb2S3, NH4OH және (NH4)2CO3 ерітінділерінде ерімейді (мышьяк сульфидтерінен айырмашылығы).
Реакцияның орындалуы.
Сурьма (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 4-5 тамшысына 1-2 тамшы 2 н. HCl ерітіндісін қосып күкіртті сутек жіберу қажет. (Реакция сорғыш шкафта орындалады).
Дербес металдармен тотықсыздандыру
Кернеу қатарында сурьмаға дейін орналасқан металдар оны бос күйге дейін тотықсыздандырады:
Реакцияның орындалуы.
2 H3[SbCl6] + 3 Sn → 2 Sb ↓ + 3 H2[SbCl4]
2 H3[SbCl6] + 3 Fe → 2 Sb ↓ + 3 FeCl2 +6 HCl
Сурьма (ІІІ)- хлориді ерітіндісіне бір түйіршік мырыш (не темір шегесін) салып бос сурьманың қара тұнбасының түзілгенін байқауға болады.