Оқушыларға
Мейірім жанары
Тағы да түн. Күн артынан күн шығып, уақыт зулап жатыр. Таң атысымен Алласынан тілейтіні Арманның бір арманы бар. Ол 5 жыл бұрынғы қасіреті еді.. Əкесі мен жалғыз әпкесіне салмақ салғысы келмейтін Арман ешкімге жан-жарасын білдіртпеуші еді. Өйткені, Əпкесінің барлығына үлгеріп, күндіз-түні еңбектеніп, əкесіне қарайлап жүргенін іштей сезеді.
Уақыт өте келе Арманның жағдайы нашарлап, ауруханаға жатуына тура келді. Ол əкесі мен әпкесіне оңай тимеді. Үйдің жалғыз ұлы болғандықтан əпкесінін аландайтын жөні бөлек. Бар уайымы інісінін өзге балалар секілді жарық дүниені көріп, шапқылап ойнап жүргені еді.
Соңғы рет дəрігерінен сұрағанда жанарынын жарамсыз болып бара жатқанын, тездетіп емдеу керек екенін естіген. Апасы ұзақ ойланды. Өмірдегі ең асылдары əкесі мен інісі болғандықтан көзіне еріксіз жас тамды. Əкесі баласының əлі ақ жазылып, жарық дүниені көретініне сенімі мол болатын.
Арада 1 апта өтті. Көптен күткен ота да жасалды. Арман көзіндегі қараңғы дəкені шешіп, жарық дүниені көрді. Арманынын орындалғанына қуанды. Ұзақ уақыттан бері көрмеген əкесін қуана құшақтады. Бір өкініштісі жанында сүйкімді əпкесінін болмағаны. Арман əкесіне қарап барлығында түсініп, үнсіз қала берді. Сенін қиналғаныңды көргісі келмей, армандары орындалсын деп, əкесінің қолқанаты болсын деп өзінін əсем жанарын саған берді,- деп əкесі мұңайып кетті. Кейін əкесі Арманға əпкесі Мейірім ұсынған соңғы хатын табыстады.
Менің қамқоршым Арманым. Мен сені қатты жақсы көремін. Сен маған 5 жыл бұрынғы қасіретінен кейін барлық армандарынды айтатынсың. Мен өз армандарыма қол жеткіздім, енді сенің арманың орындасла екен деймін. Мен аяулы анамыздын бейнесін қағаз бетіне түсірсем екен деп армандадым, қағаз бетіне түсірдім. Жақсы оқу орнына түссем екен деп армандадым, түстім. Сен сипаттаған əсем көйлекті кисем екен деп армандадым, кидім. Мен армандарыма жеттім Арманым. Сен сиппттаған осынау қызғылт көйлегің маған өте жарасымды. Менің енді соңғы арманым сенің жарық дүниені көргендігін болып отыр. Мен сенің үнемі жанында боламын. Сенің армандарыңа біз бірге жетеміз. Сен көрген ғажап дүниені менде көретін боламын, алтыным..., -деп Мейірімнің соңғы хаты аяқсыз қалған болатын. Көзіне еріксіз жас алған əкесімен Арман Мейірім салған ғажап суретті қолдарына алып сағына еске алып қала берді.
Серікқалиева Ақбота
Атырау мемлекеттік университеті
Журналистика 2-курс