25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Мен және студент Халел






«Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы» Уильям Гибсон .Болашағын ойламайтын адам жоқ. Ешкім ертеңгі күні қалай болатынын білмейді. Өткенімізге қарап болашағымыз танылады. Ал, болашақ бүгіннен басталады. Ертеңіміз жарқын болсын десек, бүгінімізді бос жүріспен өткізбеуіміз қажет. Себебі, бүгінгі күн — ертеңнің көлеңкесі секілді. Келешегіміз кемелді болғанын қаласақ, бүгін әрекет жасайық. Бастысы-ертеңге деген сеніміміз жоғалмасын.

Міне, бүгінде болашаққа деген бір сатыны адымдадым. Оның бір дәлелі қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы университетте білім алып жатырмын. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетте оқу мен үшін зор мақтаныш. Өйткені, біреудін қолы жетсе, кейбірінің көз алдында бұлбұлдай ұшқан мерейлі мекенім Атыраудаға беделді оқу орны.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі.

Негізінде бұл ,ғалым туралы тоқталсам- Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Бұл кісі туралы қанша мадақтап мақтау айту артық етпейді. Әсіресе, қиын қыстауымен өткен сутденттік шағын айтпай кету үлкен әбестік болды. Маңдайынан тер төгілгенше елі мен жері үшін шырылдаған Халелді кез-келген студент біліп, оны үлгі тұтуы тиіс. «Менде елімінің өркендеуіне көмек қолымды созамын» деген ұранмен алға қарай жылжый беруі қажет. Мұны тек студент Халелдің сол кездегі өмірімен танысқан адам ғана ұғынып, түсіне алады.

Жубангалиева Гүлден ұстаздың бастаумен Университетімізде Халелтану атты сабақта өтеді. Бұнда Х.Досмұхаметовтың өмірі мен тыныс тіршілігі, əр салаға қосқан үлесімен ерен еңбегімен шығармашылығымен студенттік өмірімен танысамыз. Сонымен қатар білім алып жатырған қара шаңығырағымыздың тарихынан терең сусындап біліп жатырмыз.
Осының өзі Университетке деген сүйіспенншілік , яғни оқу орнына деген құрметтің белгісі деп білемін.

Бұл жерде студентерге көп мүмкіндітер берілген.

1 курста оқып жүргенде университетіммен танысу үрдісім иненің жасуындай сөздерден басталған-ды… Аса көп уақыт өтпей мен де оқу орныма тонның ішкі бауындай болып кеттім. Жабайы тұлпар үйірін тапқандай сезімді серік ете жүргенім де рас.

Көп нәрсені көріп біліп, пайымдап парқына жетіп келемін.

Бәлкім біреулерге сөзім университетімді асыра мақтағандық болар… Бәрібір, мен тек өз ойымды шамам келгенше жеткізе алғаныма шатты болып жүремін. Біздің университетіміз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың өсиетін жерге тастамай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!», – деген Мағжан ағамыздың сөзін желге ұшырмай сенімін ақтап жүрген оқу орны екеніне кәміл сенемін.

Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген Х.Досмұхамедов оқытушыларына дән ризамын. Кезіндегі студент Халел секілді ерен еңбек көрсетпеседе, болмасаңда ұқспа бақ дегендей әйтеуір тырысып жатады. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан… «өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда.

Самғат Наргиз

Атырау мемлекеттік университеті. Журналистика 2-курс