25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

«Амал» мерекесі — бірліктің нышаны






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының lll курс студенті Тілеужан Ұлпан

Еліміздің батыс өңірінде ерекше мереке, ілтипаттың иісі сезілетін дәстүр бар. Ол көктем келіп, жер көгергенде, ел де қыстан аман шықты, туған-туыспен қауышып, марқайып қалсын деген ниеттен туындаған — «Амал» мерекесі. Күнтізбе наурыздың он төртін көрсеткен бойда, ел жұрт елең алаңнан жасы үлкенге сәлем беріп, «Жасың құтты болсын деседі. Аталмыш мерекенің ерекшелігі — тек бір күн ғана емес, жыл бойы жалғасын табуында.

Ата бабаларымыз «Амал келді, жыл келді» деген. Сондай-ақ, халық арасында: «Амал күні кімде-кім қырық адаммен көрісер болса, Құдай тағала күнәларын кешіріп, дұға-тілектерін қабыл етер» деген де сенім бар. Яғни бұл күні араздасқан жан татуласып, өкпе ренішін ұмытуы тиіс.

Қазіргі таңда бұл дәстүр кең етек жайып келеді. Өңіраралық өткізілетін айтыс та — бұның бір дәлелі. Аталмыш дәстүрді тек әлеуметтік желі арқылы тойлап, бір бірімен сурет арқылы көрісетіндер де бар. Бұл әрекетті заманауи тойлау дейміз бе...

Абай атамыздың «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деген өлеңінің мағынасына терең үңілсеңіз, бұл дәстүрдің ежелден маңызға ие екенін аңғаруға болады.

Ендеше, «Амал» мерекесі құтты болсын!