25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Қоғам аздыма, әлде бізбе?






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Ғарифолла Шырын
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

Көбісінің үнемі айтатыны «Қазіргі кезде заман өзгерді, адам емес» деп. Жоқ! Осы ой түпкілігімен қате Заман орнында. Сол бірінен соң бірі келетін күн мен түн, уақытпен өлшенген ғұмыр. Қарасақ өзгеріс жоқ. Тек күн санаттап дамыған техника саласы мен өзгерген де, бүлінген де адамдар. Білемін осы ойыммен келіспейтіндер де, қостаушы жақта баршылық. Бұл тақырыпқа қалам тербеуімнің де түп себебі болуы сөзсіз. Оны біз айтып, қозғамасақ кімге керек? Ел болашағы-жас буын, жастар мәселесі мен тәртібіне алаңдаушылық жоқ емес, тіпті жоғары деңгейде. Менде сол жас санаттың өкілімін. Десекте айналаға қарасам, дөрекіше жүрегім айниды. «Толған нашақорлар мен жеңіл ойлылар» деп көпке топырақ шашпайын. Солардың қоғамда бары даусыз.

Дәлел ретінде интернет ресурсында оп-оңай салынатын Гугл мен Ютуб желісінен қай затты, қалай қолданылуын көрсететін видиолар қаптап кетті. Бір-екі жерде байқалған дүние емес, бірнеше жерде қайталанған жағдай. Инстграм бойынша 5 мың қаралым жинаған видио. Азаттық 64 мекен жайындағы қарапайым подъездттегі Наркомондар тынысы. Терезе алдындағы шприц пен жерде бос жатқан ашсы су бөтелкелері. «Бұларды ол жерге кім тастап кеткен? Балғындар көріп, қызығып ойынға алса не болмақ?» Міне, жауабы жоқ сұрақтың бірі де бірегейі. «Іштеріңізден бұл неге жазылды, ондай видио мен суреттер біршама» деп бас қатырғандай, бұл мәселеге дәл солай ойлансаңыздар екен деймін. Өйткені жасампаздық, бейбіт өмір сенің қолыңда! Өзіңнен баста!