25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Ислам — нәзіктікке толы әлем






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Бегісова Айдана
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

Ислам әлемі өте бір ғажайып, баға жетпес нәзіктікке толы әлем.

Сыр мен сезімге толы бұл дін басқа діндерден шынайылығымен ерекше. Діндердің ардақтысын, кітаптардың қастерлісін, адамзаттың асылын — құрметтейміз, сүйеміз.

Ислам дегенде тәртіптілік, жаны тазалық, тақуалық, адам бойындағы жақсы қасиеттер әр мұсылман баласын Алла разылығы үшін сүюің барлығы-барлығы дерлік сөзбен айтып жеткізе алмайтын керемет құбылыс.

Оның ішіне кірсең шыққың келмей қалады оның өзіңді баурап алатыны соншалық кел, кел деп жетелеп тұратын секілді. Дүниедегі барша ізгілікке, жақсылыққа, қарапайымдылыққа, үлкенге құрмет-кішіге ізет, ата-ананы сыйлау, шынайылық бәрі-бәрі дерлік осынау бір жас діннің ішіне сыйып кетіп тұрғанын қарашы. Біз адамдар кейде күпірлік қылып ол жаққа кім барып келіпті?, — дейміз. Өкінішті...

Біздің көзіміз сонша ақиқатты көрмейтіндей перделеніп қалғаны ма?

Қасиетті кітабамыздың ішіндегі асыл сөздерінің бірде-бір өтірігі, қателігі жоқ. Ойлап қараңыз.1400 жыл бұрын түсірілген кітап. Адамзат неден жаратылған, қалай пайда болады бала, қалай өледі барлығы жазылған. Ал Ата-бабаларымыз ше? Осы дінді ұстанбап па? еді...

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз: Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешқашан да жалған болмас., — деп жазып кеткен жоқпа?
Бұғанда сенбеймізбе?

Кәзіргі кезде әрбіріміз көріп жүрген ғаламтор желілері арқылы болып жатқан сан-салалы оқиғалардың бірнешеуін бейнелеп берейік.
Уйді түгелдей өрт жалмаған кезде қасиетті кітабымыздың жазуына да өрттің маңы да тимеуі немесе тұрғылықты мекен жайды алапат су басқанда қасиетті кітап тұрған бөлмеге судың тамшысы да кірмеуі?

Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген салауат сөзі жазылған жүк көлігі түгелдей өртке оранған сәтте салауат сөзі жазылған сөйлемға оттың ұшқыны да тимеуі.

Күнделікті қолданатын әлеуметтік желідегі бейне көптің назарына ілігіп үлгерген болатын. Бұл бейнеде Кәдімгі үй жануары иесі қанша әурелесе де, қасиетті кітабымызды баспауы.

Ал жай кітап не журналды басып, таптап жүруі...

Мұның барлығы ақиқатты анықтап тұр емеспе?.

Ия бұл жайттардан бөлек Ислам әлеміне үлкен қауіп төнуде.

Кіршіксіз таза, пәк, жауына да зияндық қылмайтын дінді бәз-біреулер Ислам атын жамылып соғыс ашуда жиһад сөзімен, ата-анасын, бауырларын, ағайын туыс, дос-жарандарын намаз оқымағаны үшін, кәпір деп безген,газет-журнал оқытпай, теледидар, мешіт имамдарын тыңдатпай, Дінімізде халал деген Тағамдарды харам деп, Талақ! Талақ! Талақ! Деген Алла ұнатпаған сөзді өз ішінде маңызға ие сөзге айналдырып, қара жамылып, балақ қайырумен, фиһқ мәселесімен таласқа ие болуымен бұл кісілер назарға ие.

Өкінішті...

Бірақ ең қынжылтарлығы, Ислам әлемін енді-енді танып біліп, үйреніп келе жатқан бауырларымыздың, немесе басқа дін өкілдерінің санасын улауы ислам әлемін бұлдырлап көрсетуі, адастыруы, көз-қарасын өзгертуі...

Өкінішті...