25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Шоу бизнеске келген жаңа екпін






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Бегісова Айдана
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

Шоу бизнес жарқ-жұрқ еткен әншілер, бишілер, әртістер. Концертке келсең тек шоу ғана емес, шоудың көкесін көрсетеді. Ия бұрындары мынадай болмаған.

20 ғасырда Қазақстанда отандық әншілер сахнада салмақты, салиқалы, әнін айтып, халықтың қошеметіне бөленіп үнсіз ғана биік белескеден шығып, келесі орындаушы шақырылған кезде ұстанымды жүріс-тұрысымен көпке үлгі болып артық қимыл қозғалыссыз, даусымен ғана халықтың көз-айымына айналып назарына ілігетін.

Ал кәзірше бәрі өзгерген. Өнер әлемін жастар құмырсқадай қаптаған. Абай атамыз айтқандай өнерге әркімнің ақ бар таласы, әркімнің таласы бар да шығар. Бірақ дауыс ырғағы халыққа өтімді, талант-дарыны өне бойында бойлаған жан келсеғой...

Жоооқ. Аузы бардың бәрі әнші. Қазақта бар мақал. Мынадай да мақал бар: Аузы қисық болсада байдың баласы сөйлесін деген. Бұл мақалда аталған кісілер де, шоу бизнестен алыс емес.

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерде көл бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде ел бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын.
— деп Бұқар жырау бабамыз бағзыда айтып кеткен.

1. Ең әуелі фонограммаға тоқталсақ. Сахна сыртында ән қостырып аузы жыбырлап шығатын әншілер өнер де көп. Тіпті өзі жанды дауыста ән салып тұрма деп таң қаласың...

2. Би, қимыл-қозғалыс қазір әншісі де, бишісі де бірма дерсің. Бірінен-бірі айнымайды. Өзі айтып, өзі билейді бұл да бір өзіндік стиль шығар.

3. Сахнада айхайлап шығып, өзін менмендікке бастайтындары да жоқ емес.

4. Киім үлгісі. Ойбуу киім үлгісін айтпаяқта қояйын...

Халықтың көз алдында әнін шырқатуға тіпті біреу көшеден сүйреп әкелдіме дерсің. Ал аяулы қазақтың қыздарының киімдері демей-ақ қояйын заман талабы қыздарымыздың көбісі заманауи киінетіні жасырын емес. Бірақ сіз халықтың алдында ән шырқап, үлгі өнеге көрсетіп тұрсыз.

Ашық-шашық, шаш кеткен...

Жеке өміріңізде шаруам жоқ. Қалай киінсеңіз олай киініңіз. Бірақ көгілдір экран алдында үлкені бар, кішісі бар ән шырқап тұр емессізбе?..
Сахна мәдениеті деген болады. Олда кеткенбе?..

5. Бесінші шырқайтын әндерінің сөздерін қоғамдық ортада немесе жеке бір мекемеде емес дәл сол сахнада диалог құрып сөйлесіп тұрма дерсің.

Арзан-құрзан, мән-мағынасыз салмағы жоқ сөз көбейіп кетті... Бұған кім кінәлі ақын ба? Халық па? Сұраныс болмаса — ұсыныс та жоқ. Халықтың жеңіл-желпі өлеңге құштар болғаныма? Кешегі Шәмшінің әндері қайда? Ия шырқалады, бірақ мына өлеңдер көбірек тыңдалады...

6. Q-pop. Қазақ поп.
Кореядан келген бұл екпін Қазақ эстрадасын түбегейлі өзгертті, десекте артық айтқанымыз емес. Шаш боялған, сырға тағылған, киім жабысылған, тырсиып киім киген қазақ азаматтары. Біртүлі естіледі ия, құлаққа ерсі түрпідей тиеді.

Сөздері түсініксіз тыңдармандары интернет арқылы текстін тауып, тікені болып естілген сөздердің анығын нақтылағаннан кейін көңілдері көншіп орнына түседі.

Бұғанда шүкір қате естігенімізге...

Қорытындылайық. Білмеймін заман талабы ма? Адам талабы ма? Енді бұлардың барлығын тазартарда заң да жоқ, адам да жоқ. Көндіргенге көнгістік... Жәә бізді, жастарды қойшы өйтіп-бүйтіп тыңдармыз-ауу... Кейде талғамыңнан шығатын өлеңді де таңдап тауып алармыз. Үлкендерді ше? Үлкендерді? Кезіндегі Шәмшінің әнімен өскен, Б.Төлегенова, Е. Хасанғалиев, К. Бәйсейітова, М. Ералиева, Дос-Мұқасанды тыңдап құлақтарына сіңдіріп өскен үлкен аға-әпкелеріміз бен ата-аналарымыз ше? Бұл кісілерде өз заманын аңсайды емес пе? Заманның шарты деймізбе? Еуропаға еліктедік деймізбе? Білмеймін...