25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Жастардың дінге көзқарасы






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Рахымғалиева Жаңылхан
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан


Жастар — біздің қоғамымыздың бір бөлшегі, ұрпағымыздың жалғасы. Жастардың тәрбиелі, салиқалы болуы ең алдымен отбасылық тәрбиеден басталады. Қазіргі таңда көптеген жастар дінге бет бұрып жатыр. Егер дінді дәстүрлі бағытта ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) «дін деген не?», — деген сұраққа «дін — көркем мінез», — деп жауап берген. Десекте, қазіргі кейбір жастарымыздың бойында намаз оқып, 5 парыздың бірін орындап жүрсем деген ой ғана. Әлбетте бұл қате пікір болып табылады. Дін біріншіден адам баласын жақсылыққа тәрбиелеуі қажет. Бірақ біздің кейбір жастарымыздың мінез-құлқы өте нашар болып келеді. Қазіргі көп жастар әлеуметтік желі арқылы яғни бейне, аудио жазбаларды сонымен қоса діни сауаттылығы болмаса да тыңдап жүргендері аз емес. Егерде имамдардан тікелей білім алса бұндай жағдайлар көп орын алмас еді. Бұлай айтатын себебіміз әлеуметтік желісіндегі барлық уағызшыларға рұқсат етілмеген.

ҚМДБ бекіткен уағызшыларды ғана тыңдап, білім алса жақсы болары айдан анық деп ойлаймын. Одан кейінгі тағы бір мәселе жастар діннің түпкі тамырына бармай жатады. Қазіргі кезде жастарды арбалайтын дүниелер өте көп. Олардың бірі жаңа айтып өткендей әлеуметтік желілері онымен қоса телевизор, ұялы телефон бұл кейбір жастарымыздың теріс бағытқа кетуіне себепші болады. Қақтығыс аймағында 900 ге жуық Қазақстан азаматтары мен азаматшалары жүр. Қоғамымыздың ары қарай дамуы ол біздің жастарымыздың қолында. Діни сұрақтарды имамдардан сонымен қатар арнайы теологтар, дінтанушы мамандарынан алса, жастардың қателесуі болмас па еді?! Тағы да айта кетерлік жайт отбасындағы байланыс үзіліп жатыр, бұл дегеніміз бала мен ата-ананың қарым-қатынасының болмауы. Отбасын да ата-ана діннің төркінін өздері білетінін жеткізіп отырса немесе баласын өзімен бірге мешітке апарып имамдардан сұратқаны жөн. Осылайша жастардың бойына имандылық пен білім алуды үйрету керек. Қай дінді алсаңыз да құлшылықтан бұрын мораль тұрады. Мораль дегеніміз — мінез-құлық. Мінез-құлық дұрыс болмай, жасалған құлшылық толықанды болмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) ға:«Ең үлкен бақытсыздық деген не?», — деген кезде «ол теріс мінез-құлық», — деген. Жастарды жан-жақты азғырып жатқан теріс ағымдар көп. Олардың бірі: таблиғи жамағат, сәләфилер, егово куәгерлері, т.б. Жастарымыз дәстүрлі «Әбу Ханифа» мазһабын ұстану арқылы ешқашан қателеспейді. Христиан өкілі үшін православия діні болып бекітілген.