25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Психологияның адам өміріндегі орны






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Рахымғалиева Жаңылхан
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы. Дәлірек айтсақ ішкі жан дүниесі мінез-құлқы, түрлі сезімдері, ниеті, ақыл-ойы, құндылықтары. Қай уақытта болмасын психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Жеке тұлғаның сана-сезімінің дамуына әсер етіп жүрген жандардың бірі Алмас Ақынды мысал ретінде алсақ: «Кез-келген адамның өз өмірінің ораторы, көшбасшысы, жеңімпазы және бай болып қалыптасуы үшін оған 3 үлкен фактор әсер етеді:

1. Сенімділік. Ішкі блоктардан толығымен айығу

2. Өз бағытын білу. Өзіңіздің тұлғалық моделіңізді анықтау

3. Бойыңыздағы талантты ортада қолдану құралдарды игеру яғни, осы сенімділік арқылы психологиялық тұрғыдан қалыптасамыз», — дейді.

Егер де сіз өміріңіздің жақсы жаққа өзгергенін қаласаңыз ішкі жан дүниеңізден бастағаныңыз жөн және В. Синельниковтың «Возлюби болезнь свою» және К. Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» атты кітаптарын оқуға кеңес беремін. Бұл өзіңіздің ішкі жан дүниеңізбен жұмыс жасау жолында мол септігін тигізеді.