25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Жемқорлық — тойтарыс күші






Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Батырбек Гүлайым
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

Сыбайлас жемқорлық — қоғамда белең алып, қазіргі таңға дейін жойылмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бұл кесел қарқындаушы елдер сынды ұланғайыр Қазақстанға да кесапатын тигізіп отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақсыздығына төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешен бағдарламасы дәйекті түрде жүзеге асыру қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлыққа күрес жалпы барша халықтың борышы екендігін атап айтқан болатын.

Тамыры тереңмен басталған сыбайлас жемқорлық әлем қоғамдастығында да залалын төндіріп келеді. Қазақстан Республикасында бұл мәселеге қарсы төтеп беру шаралары тәуелсіз ел болған сәттен-ақ мемлекеттің ең басты міндетіне айналды. Сыбайлас жемқорлық мемлекет ішінен құлдырату бастамсы мен жетілдіруді жоққа шығарып жоятын, ұлттық қауіпсіздікке қатерін әкелетіндігі даусыз.

Қоғам дамуының елдің әлеуметтік ахуалын жақсарып, экономикалық жағдайы жоғары деңгейге жетуді, халқымыздың демографиялық жолын өсіп-жетіліп, өркендеуіне көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, қарыштауымызға кедергі келтіруші сыбайлас жемқорлық күресті дамылдату жеке тұлға, яғни біздің азамат,азаматша ретіндегі борышымыз болып саналады.

Қазақстан — кезінде Кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдану заңдары қабылданып, осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға кірген бірінші мемлекет. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік тұрғыдан бастау алғандықтан, оны алдын-алуды бүкіл мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етуі шартты жағдай.

Тұжырымдай келе, елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық қажырлы рухты, күш-жігерін біріктіріп, дерттің күшеймеуі үшін оған қарсы тұрудың барлық амал-тәсілдерін қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде тойтарыс беруге болады деп жөн санаймын.