25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Еріккен тышқан (ертегі )






Еріккен тышқан .( ертегі )

Терезеден түскен күн сәулесі үйдің ішін ысытып-ақ тұр .Күнде қарны тойып , қалаған тамағын ұрлап ішкен тышқанның да қарны тоқ .Еріккен тышқан тесіктен сығалап бір қарап алды .Қонжиып төсек үстінде мысық жатыр .Пырылдап қоятын емес .Тышқан мысық досына шиқ -шиқ етіп дыбыс берді.Бір көзін ашып , екінші көзін жұмып , керіліп , жымың- жымың етіп мысық келді.Тышқан : Ау , үй күзетшісі қарапайым досым- ау , жейтін не бар , қарным ашты - деді .Мысық : Әй ақымақ ! Барына қанағат , жоғына сабыр ет деп , қайтып барып төсегіне жатты . Ашуы келген тышқан тамақ іздеп үй ішін шарлап кетті.Бірақ , жейтін ас таппады .Сыртқа шықты , тауық алдындағы әртүрлі ас қалдықтарын шұқып жеп жатыр екен.Ол тышқанды көріп , дереу тауысып қойды .Мұнан соң еріккен тышқан итке келді. Алдыңдағы тамағыңнан асатшы -деді .Ит арсылдап жолатпады .Арпаны асап жатқан атқа келді .Ол да кісінеп, тепкілеп , асын қызғанып , мал қорадан қуып шықты .Өзі жалқау , ұры тышқан көрші үйдің табалдырығындағы тесігінен кіріп кетті.Астықты көріп , көзі жайнап, тойғанынша жеді .Онысымен тұрмай , түнді пайдаланып , ініне тасыды .Өзінің қамба толы астығын көрсетіп , өзге тышқандарға мақтанды .Кешегі тойған жеріне тағы келді.Мұны сезген , түрі суық , күжірейген бөтен мысық тап беріп ұстап алды .Шиқылдап көмек сұрағанымен оған араша түсер ешкім болмады .Мысыққа ойын керек , тышқанға өлім керек деген осы.Ештеңеге қанағат етпеген тышқан өзге мысыққа жем болды .