25 Қараша, Дүйсенбі

Оқушыларға

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін






ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ

ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...»



Есірткі - (грек тілінен аударғанда ναρκωτικός - естен айырылу) біздің заманымыздың ғаламдық мәселелерінің бірі. Олар қандай адамды,кімді маңызды емес: жас немесе кәрі, кедей немесе бай ... адамдардың өмірді бұзып ой санасын улап,қол жұмсауға дейін апарады. Адамдар неге есірткіні қолдануға кірісетінін айту қиын. Негізгі себептердің бірі, шындықтан құтылу әрекеті болуы мүмкін. Олар өздерін сезініп, басқаша әрекет етуді қалайды.

Адамның нашақор екенін анықтайтын факторлар жоқ. Нашақорлықты емдеудің әртүрлі тәсілдері бар, бірақ олардың ең жақсысы есірткіні қолдануды болдырмау болып табылады. Бірақ барлығы делік есірткінің зиянын, оған үйір болып қалатынын білмей осы жолға түседі. Ең жаманы осы!Мұның бір жолы - мектептерді, отбасыларды және бұқаралық ақпарат құралдарын қамтитын түрлі алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру. Бірақ, ең бастысы, есірткіні қолдану салдарын білу.

Есірткі заттарды қолдану тарихы б.з.б 5мың жыл бұрын шумерлердің өркениетінен шыққан. Сол кездегі қазба жұмыстары барысында алғашқы есірткілерді дайындау және қолдануға қатысты алғашқы жазбаша анықтамалар табылды және оны қазақшаға аударғанда «қуаныш» дегенді білдіреді.

Алғашқы есірткіге тәуелділік XIX басында белгілі бір есірткілер алғаш рет Еуропаға жеткізілген кезде пайда болған. Бұл заттар алдымен ауырсынуды басуға қолданылды. Бірақ 20-шы ғасырдың басында бұл заттарға тәуелділік қоғамның белгілі бір жерлерінде проблемаға айналды. Ал қазір бұл тәуелділікті әлемнің түкпір-түкпірінде ереулі проблемалардың біріне жатқызады.

Соның бір құрбаны-Қазақстан. Қазақстандықтар үшін бұл үлкен дауға айналды. Көрсеткіштерге сүйенсек бізде, яғни Қазақстан елінде 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi. Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ, нашақорлардың саны азаяр емес.

Есірткіге оңайша берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті, адам тәрбиесінеде жаңаша көз қараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі,ішімдікке еліктеушілік, нашақұмарлық дендеп бара жатқандай. Қызығушылықпен істеген әрекеттің соңы немен тынарын да түсінбей істеп, опық жеуі мүмкін. Демек, қазақ халқы «тәрбие басы - тал бесік»,- деп бекер айтпаса керек. Жат қылықтарға қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн.

Салауатты өмір салтын қалыптаструда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасы жолдауында ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі.

Залиева Нурай Залиевна

№ 273 орта мектебі, Байқоңыр қаласы

7 «А» сыныбы