Оқушыларға
Балалар ой толғайды
№180 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары өте дарынды, шығармашыл, елгезек. Күнделікті көз алдымызда өз өнерімен тәнті етіп жүрген балалардың шығармашылығымен таныс болыңыздар. Бала тілі-бал демекші, баланың ойында балалықтың, тәттіліктің дәмі сезіледі. 2 Б сынып жетекшісі Бақты Бейбітхан өрендерге тәлім-тәрбиемен қоса, аналық махаббатын да арнаған жан.
2 Б сыныбының оқушылары түрлі тақырыпта жазған эссе-шығармаларын назарларыңызға ұсынады.
Тəуелсіздіктің қасиетті белгілері.
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілеріне ұлттық рəміздер жатады. Олар Ту, Елтаңба және Гимн. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді. Қазақстан мемлекетін әлемге танытатын бірден-бір құрал – мемлекеттік рәміздер. Ел болашағы жастарымыздың бойына осы елдік белгілерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру – баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет. Елбасы Н.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы», – дегенін естен шығармауымыз керек.
Джумагай Ислам. 2 «Б» сынып оқушысы
Менің ұстазым
Менің ұстазым Бейбіт апай. Бейбіт апай маган қатты ұнайды. Ол бізге әдептілікті, жақсылықты, ұқыптылықты үйретуге еш жалыққан емес. Мен де апайымды сыйлап, құрметтеп, алғысымды айтудан ешқашан жалықпаймын! Сіздің біз үшін үлкен жұмыс істегеніңіз үшін көп рахмет Бейбіт апай!!!
Медет Даяна 2 «Б» сынып оқушысы
Алтын ұя мектебім
Менің мектебім Саялы ықшам ауданында орналасқан. Ол жаңа, әрі үлкен ғимарат. Өз басым мектебімді мақтан тұтамын. Себебі менің мектебімді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі келіп ашқан деп естідім. Оның әр талы, әр кабинеті, бәрі –бәрі маған ыстық. Мектебімнің жүрегі алғашқы ұстазымды ерекше жақсы көремін. Күнделікті берген білімі мен үшін өте қымбат.
Мектебімнің ашылғанына қаңтар айында 6 жыл болады екен. Аз уақыттың ішінде мектебімнің жетістіктері өте көп екен. Оған үлкен дәлізде тұрған мақтау қағаздары, кубоктар, озат оқушылардың суреттері дәлел бола алады. Болашақта мен де осы марапаттарға өз үлесімді қоссам деймін. Мектебімнің атын шығару үшін талай жарыстарға қатыссам деймін.
Олжасқызы Айым 2 «Б» сынып оқушысы
Н.Ә. Назарбаев- Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тарихи тұлға.
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр. 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде тікелей президенттік сайлау болып оның қортындысы бойынша халық бірауыздан Н.Ә. Назарбаевты президентікке лайықты адам деп таныды. Н.Ә. Назарбаев халқына антын берді. Осы күннен бастап тарихта жаңадан пайда болған Қазақстан Республикасының даму кезеңі басталды.
Біз – бірлігі жарасқан Қазақстан халқы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық жоспарлары іске асатындығына хақ сенеміз.
Ермек Аяулым 2Б-сынып оқушысы
Н.Ә. Назарбаев -Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тарихи тұлға.
1991 жылдың 1-желтоқсан күні елімізде президенттікке Н.Ә. Назарбаевты лайықты адам деп таныды. 1990 жылдардың басында саяси-экономикалық жүйесінің кешенді дағдарысқа ұшырауы кезеңінде, ел тізгінін ұстаған Н.Ә. Назарбаев өзінің көреген саясаткер, елін елдікке бастаған аса дарынды реформатор,елін шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді. Семей ядролық сынақ алаңы жабылды. Елдің жаңа елордасы - Астана заманауи қала ретінде дүниежүзілік форумдар өткізу орталығына айналды, ол арқылы Қазақстан дүниежүзіне танылды. Болашағымның жарқын болатынына сенімдімін!!!
Бекмухамбетов Бекжан 2 Б сынып оқушысы
Менің мектебім
Мен № 180-ші мектепте оқимын. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мен де 6 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттап-ақ достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімізде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы, кітапхана бар. Біздің мектепте үш мыңға жуық бала оқимыз.
«Мектеп кеме, білім теңіз» - дегендей біз мектебімізден көптеген нәрселерді үйреніп, жетістіктерге жетеміз, деген үмітпен, арманмен өсіп келеміз.
Мен мектебімді ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін!
АЙДАРХАН НҰРӘЛИ НҰРЖАНҰЛЫ 2 «Б» сыныбының оқушысы
Ұстаз болу жүректің батылдығы, Ұстаз болу жүректің ақындығы
Ұстаз дегеніміз- қасиетті ұғым.Ұстаз ол біздің екінші анамыз,ақылшымыз.Бізге білімін беріп,тәртіпке баулиды.Өміріміздегі маңызы зор аяулы жан.Тәрбиелеудегі үлесі тамаша ұстаз.Ұстазымыз әрқашанда ұқыпты, әдемі киінеді.Бізге деген мейірімі шексіз...Біз оның әр алтын сөзін тыңдап құрметтейміз. Мен өскенде Бақты Бейбітхан апайым секілді ұлағатты ұстаз боламын! !!Апай,еңбегіңіз жана берсін!
Тілеубай Жанерке 2 Б сынып оқушысы