Оқушыларға
Информатика пәнінен тест тапсырмалары
Орал қаласы
Маxамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің
студенті Орынбасар Айнара Жанғабылқызы
1. Информатика пәнінің қызметі.
А) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән.
B) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән.
C) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен суреттерді жүйелейтін техникалық ғылыми пән.
D) Есептеу техникасы құралдарының көмегімен файлды алуды зерттейтін техникалық ғылыми пән.
2. Ақпарат ұғымы.
А) түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді.
B) суреттер мен фотобейнелер ақпарат делінеді.
C) интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ұғым.
D) техникалық құралдардың ұғымын білдіреді
3. Ақпарат қасиеттері.
А) дәлдік, толықтылық, түсініктілік
B) дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік
C) толықтылық, бағалылық, түсініктілік
D) дәлдік, толықтылық, бағалылық, қасиеттілік
4. Санау жүйесі дегеніміз - ....
А) сандарды арнайы символдар арқылы жазу және оларды оқу ережелері мен тәсілдерінің келісілген жиынтығы
B) сандарды арнайы символдар арқылы жазу тәсілдерінің жиынтығы
C) сандарды арнайы символдарсыз таңбалау арқылы түрлендіру жиынтығы
D) әріптерді арнайы тәсілдерімен түрлендіру арқылы өрнектеу
5. Санау жүйелерінің түрлері:
А) позициялық және жалпы позициялық
B) позициялық және арифметикалық
C) Позициялық және позициялық емес
D) позициялық, позициялық емес, рим цифрлары
6. Ақпаратты кодтау дегеніміз:
А) ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға тиімді басқа түрде пішіндеу ретінде түсіндіріледі.
B) ақпаратты түрлендіріп, қайта өңдеу тәсілі
C) ақпаратты кері түрлендіру тәсілі.
D) ақпараттарды алу тәсілі
7. ЭЕМ-нің даму кезеңін көрсет
А) 4 кезеңнен
B) 5 кезеңнен
C) 6 кезеңнен
D) 3 кезеңнен
8. Ақпарат тасымалдауыштар
А) дискеталар мен оптикалық дискілер жатады
B) CD дискілер жатады
C) Иілгіш дискетелар жатады
D) дискеталар, flash-тасысалдауыш және оптикалық дискілер қолданылады
9. Логика ұғымы
А) адамдардың пікілерінің теріске шығуын зерттейтін ғылым
B) бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дөлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым
C) адамдардың ойлау пікірлерін қанағаттандыратын ғылым пән
D) біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты ғылым
10. Пікір дегеніміз
А) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін емес қандай да бір болжау.
B) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау
C) жалған немесе жалған емес болатын мүмкіндікті жасау
D) ақиқат болу үшін қойылатын шарт