24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Мен жазушы болсам...







Əдеби əлемнің танымал оқырманына дəуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, əлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Ұлы Абайдың қазақ əдебиетіне əкелген жаңалықтары, ақиық ақын М.Мақатаевтың сезімге толы өлеңдері, күллі қазақ даласын мойындатып, əсем əуенге бөлеген əнші-сазгерлердің əндері, өмір шындығынан сыр шерткен « Зар заман» өкілдерінің толғаулары, балаларды ғажайып əлемге жетелейтін жазушылардың шығармалары біз үшін өткен күндердің бейнесін құруға жəне де сол заманның əлеуметтік санасына үңілуге мүмкіндік береді. Əрине,бұның барлығы да - əдебиеттің құдіретті күші. Ақын не жазушы болу қиынның қиыны екенін тек белгілі бір шығармаларға қалам тартқан əдеби тұлғалар ғана түсіне біледі. Өлеңнің тармақтарын шумақтарға келтіріп, ұйқастарын анықтап қойған адамды ақын деуге, ал мəн- мағынасы бір-біріне ұласпайтын туындылар жазған адамдарды жазушы деп айтуға болмайды. Осы күнге дейін əр түрлі жазушылардың еңбектерін оқып, əрқайсысын түсініп, өзіндік баға беруге тырыстым. Осылайша өзім де бірер уақытқа жазушы болып көруді ұйғардым. Менің түсінігім бойынша жазушы өзінің өмір сүрген дəуіріндегі шындықты жазып, өзекті мəселелерді көтере білу керек. Қазіргі таңда, ғылым мен техниканың дамыған заманында, белең алып тұрған өзекті мəселелер қаншама. Əсіресе, жастардың тəрбиесі, іс-əрекеті көңіл толтырмайды жəне мəдени құндылықтарымыздың күннен -күнге азайып не өзге ұлттарға қалды болып жатқаны, ең бастысы,тіліміздің əлсіреп бара жатқаны мені қатты қынжылтады. Сондықтан, мен жазушы болсам , тіл жанашырларымен ақылдасып,қазіргі таңдағы тіл мəселелерін шешуге көп көңіл бөлер едім. Өзімнің шығармаларым арқылы оқырмандар қауымына қазақ тілінің қандай киелі,қандай құдіретті тіл екенін ұғындырып, жүректеріне ана тілімізге деген махаббат сезімін ұялатуға бар күш-жігерімді салып тырысар едім. Сол арқылы жоғарыда атап өткен басқа да проблемаларды шешуге əбден болады деп ойлаймын. Себебі, бар мəселенің шешімін тілімізге байланысты мəселелерді шешу арқылы табуға болады. Мен жазушы болсам, жеңіл ойдан аулақ болып, өткір сөздермен ащы шындықтарды ашып жазар едім. Осы ойымды тек сөз жөнінде қалдырмай, келешекте жүзеге асырсам, Абай атамыз айтпақшы, кірпіш болып, кетігімді тауып қалағаным болар еді.