Оқушыларға
Ас үй жиһаздарын орналастыру
№16 колледж
Ж-56 топ студенті Сүйіндік Аружан Тыныштыкқызы
Жетекшісі: Пантаев Еркеғали Садықұлы
Ас үй жиһазы — тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді. Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін стол, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады. Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкаф тарлан тұрады. Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, ауа тазартқыш, электр шамы, сағат, таймер т. б. енеді. Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-стол, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы т. б. шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады. Ас үй жабдықтары мен мебель жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер (158—160 см) үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 см, ені 60 см болғаны қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының ең дұрыс биіктігі 210 см, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 85 см шкаф-столдар азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен ассулықтар сақтауға арналған. Шкаф-столдар, жылжымалы пластмасса жәшіктерімен, бөлгіш тақтайлармен, алмалы- салмалы сөрелермен; бұрышқа қойылатын шкаф-столдар айналмалы сөрелермен жабдықталған. Отырып жұмыс істеу үшін шкаф-столдардың еденнен биіктігі 65 ем суырмалы тақтайы болады. Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қаралады; мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың ауа бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240 см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасында сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттарын сақтауға арналған. Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелермен, астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған. Тоңазытқыш астына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арналған; оның да жылжымалы тор жәшіктері болады. Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады. Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатың ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс келтіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар. Ас үй мебелінің құрамына (сатып алушының қалауы бойынша) ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған, қабырғаға орнатылатын электр шамы. электромеханикалық сағат, таймер және қалдықтар салынатын контейнер енгізіледі. Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі. Люминесцентті лампасы немесе қалпағы бар қабырға электр шайы қабырғаға немесе шкафтың астына қондырылады.