Оқушыларға
Жеке микробиология
Жеке микробиология (гельминтология, микология, вирусология, бактериология, протозология,) қоздырғыштардың жіктелуі, морфологиясы, антигендер. Патогенділік; жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою әдістері, емдеу мен алдын алудың негіздері сияқты тарауларды қамтиды.
Жеке микробиология бойынша жануарлардың нақты жұқпалы ауруларға диагноз қою және алдын алу үшін қажет. Микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жұмыс, ет комбинаты, қасапхана, нарықтағы ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасында, ветеринарлық-санитарлық қызметін ұйымдастыру кезінде білімді хирургиялық, акушер-гинекологиялық практикада қолданылады. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар кең таралуда.
Микробиология сөзінің мағынасына тоқтала кететін болсақ, микробиология – арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін тек микроскоппен ғана көрінетін тірі организмдер туралы ғылым (грек.: micros-ұсақ; bios-тіршілік; logos-ілім).
Микробтардың мөлшері тым ұсақ болып келеді, метрдің миллионнан бір, милиметрдің мыңнан бір бөлігіндей шамамен өлшенеді. Адамдардың көзі әдетте шамасы 0,08 мм артық нысандарды ажырата алады. Сондықтан, микроб жасушасын зерделеу үшін микроскоптар, яғни микробтар бейнесін ондаған-жүздеген-мыңдаған есе үлкейтетін аспаптар қажет. Ал, вирустар нанометрмен (милиметрдің миллионнан бір бөлігі) ангстреммен (метрдің он миллионнан бір бөлігі) өлшенеді, басқаша айтқанда: 1мм=1000мкм=1000000нм-10000000А; 1ммі көлемге 633 миллион микроб сиып кететіні, ал 636 миллиард микробтың салмағы 1 грамм болатыны есептелген.
«Микроб» (грекше-microbe-ұзақ өмір сүрмейтін) деген ұғымды 1878 жылы зерттеуші Седилло енгізген. Микробтарды зерттейтін ғылымды алғашқыда Пастер – «микробия», кейіннен Дюкло-«микробиология» деп атауды ұсынған.
Микроорганизмдер жер, су, ауа кеңістіктері мен орталарының бәрінде мекендейді. Олар тіптен ғарышта да табылған. Марста да болуы мүмкін деген болжам бар. Микробтарсыз тіршілік ету мүмкін емес, өйткені олардың керемет биохимиялық белсенділігі тіршілік негізі болып табылады – табиғаттағы зат айналымын қамтамассыз етеді.
Жалпы микробтарды екі топқа бөлуге болады: ауру қоздырушылар – патогенділер (грек.: pathos-ауру) және сапрофиттер-патогенсіздер (грек.: sapros-шірінді, phytos-өсімдік). Біріншілері әр түрлі аурулар қоздырады, екіншілері-қауіпсіз және де адамдар үшін пайдалы болуы да мүмкін. Бірақ, соңғы 20-25 жылда үшінші топ анықталып отыр - шартты-патогенді микроорганизмдер. Олар иммунды тапшылық жағдайлардың едәуір жиілеуіне байланысты адамдардың денсаулығы үшін ерекше орын алып отыр. Адам организмінің сапрофит-микробтары әр түрлі себептерге байланысты иммунды-тапшылық жағдайда ауру қоздыру қабілеттігіне ие болуы мүмкін.
Іріңді - қабыну аурулардың ағымы және нәтижесі көптеген әсерлерге байланысты: организмнің қарсыласу мұршасы, инфекцияның вируленттілігі, емдеудің дер кезінде өткізілуі мен дұрыстығы және т.б. Балалардың жас ерекшеліктерін білудің маңызы үлкен. Тромбофлебит, гидроаденит, бурсит, карбункул сияқты кейбір аурулар нәрестелерде мүлдем кездеспейді. Сонымен қатар, ересектерде асқынусыз өтетін шектелген жергілікті процесс, өсіп келе жатқан организмде зақымдалған ағзаның қызметін бұзады (эпифиздік остеомиелиттен кейінгі аяқ-қолдың деформациясы, маститтен кейін сүт безі қызметінің бұзылуы және т.б.). Бала неғұрлым жас болса іріңді процесс соғұрлым өте қауіпті болып саналады. Емізулі балаларда, әсіресе жас нәрестелерде болатын жергілікті іріңді инфекцияның жеңіл түрінде кейде ауыр токсикосептикалық жағдайлар дамиды. Емдеудің сипаты мен көлемін осы ерекшеліктерді ескере отырып шешу қажет.
Соңғы жылдары антибиотиктерді кеңінен қолдануға байланысты аурулардың клиникалық ағымының өзгеруіне әкелетін микробтардың антибиотикке тұрақты түрлері пайда болды. Мысалы, емханалық қабылдауда жеделдеу және созылмалы ағымды лимфаденит, фурункул, баяу жазылатын жарақаттар және т.б. жиі кездеседі. Осының барлығы іріңді ауруларды балаларда тиімді емдеудің қажеттігі туралы сұрақты күн тәртібінде өзекті мәселе етеді. Емхана хирургінің қызметінде тіркеуді, диспансерлік есепке алуды қажет ететін аурулар бар.
Іріңді хирургиялық инфекцияның емі жүйелі және үш негізгі бағытта жүргізіледі:
- макроорганизмге әсер ету;
- микроорганизмге әсер ету;
- жергілікті процесті емдеу.
Макроорганизмге әсер ету
Жалпы макроорганизм «грекше makros — үлкен, ұзын» деген мағынаны білдіреді.
Іріңді инфекциялық процесті емдеудегі негізгі мәселелердің бірі организмнің иммунобиологиялық қасиеттерін тұрақтандыру және күшейту. Ол үшін антиденелерді түзейтін және иммунитетті жақсартатын дәрілік заттар қолданылады. Бала өмірі үшін қауіпті және ауыр өтетін перитонит, остеомиелит, өкпе және плевраның іріңді аурулары, нәресте флегмонасы сияқты жедел іріңді процестер міндетті түрде толық көлемде стационарда емделеді. Ал іріңді инфекцияның кейбір созылмалы түрлерін (фурункул, фурункулез, лимфаденит, баяу жазылатын жара, созылмалы остеомиелит және т.б.) емхана жағдайында арнайы емдік шараларды қолданып емдеуге болады.
Макроорганизмге әсер етіп оның десенсибилизациясын жою үшін керекті мөлшерде антигистаминді препараттар тағайындалады.
Жалпы макроорганизм «грекше makros — үлкен, ұзын» деген мағынаны білдіреді.
Жалпы микроорганизм «грекше mісros — кіші» деген мағынаны білдіреді.
Микроорганизмге әсер ету (антибактериальді терапия) антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттарды қолдану арқылы іске асырылады. Соңғы жылдары антибиотиктерді тиімді қолдану мәселесі қайта қарастырылып жатыр. Соған қарамастан емдеу барысында өзгермейтін принциптер бар:
- антибиотиктерді өрескел (шаблонды), “алдын-алу” мақсатында тағайындамау қажет;
- антибиотикограмманы алып, оны қатаң қадағалау керек, 5-7 күнде 1 реттен кем болмауы шарт. Антибиотикограмманы алғанға дейін грам теріс, грам оң флораға әсер ететін кең спектрлі препараттар қолданылады;
- тағайындалған антибактериалды препарат флораға тұрақты болмауы шарт. Бактериостатикалық антибиотикті қолданған кезде міндетті түрде тағы бір бактериолитикалық препарат тағайындалады. Ең тиімдісі: гентамицин цепоринмен немесе карбенициллинмен; оксациллин ампициллинмен; пенициллин гентамицинмен және оксациллинмен. Созылмалы процестерде жеткілікті мөлшерде сульфаниламидтер қолданылады. Антибиотиктерді диоксидинмен үйлестіру өте нәтижелі, тиімді;
- емдеу барысында қанда және жергілікті ошақта антибиотиктердің жеткілікті концентрациясын ұстап тұру керек. Сондықтан антибиотик енгізудің арасы өте үлкен болмау керек (4-6 сағаттан аспайды);
- антибиотиктермен емдеу 5-7 күннен кем болмауы қажет және жасына, салмағына байланысты есептелген жеткілікті мөлшерде жүргізіледі.
Антибиотикпен емдеген кезде әртүрлі кері көріністер (дерматит, уртикарлы бөртпе және т.б.) байқалуы мүмкін. Организм аллергизациясының бұл көріністері препаратқа, сонымен қатар микроорганизмнің ыдырау өніміне байланысты. Сондықтан антибактериалды ем тағайындаудың алдында анамнезді мұқият жинайды. Аллергиялық реакциялардың көріністері байқалса сульфаниламидтерді қолданумен шектеледі.
Жергілікті процеске әсер ету негізгі екі мақсатты көздейді: а) іріңді ошақтың санациясы; б) қабыну процесін және некроз ошағын шектеу.
Емдеудің алғашқы кезеңдерінен бастап іріңді ошақты барынша тазалайды, яғни айтарлықтай кең етіп ашады (тіледі). Хирургиялық манипуляция жасаудың алдында хирург ошақтың орналасуын, бала жасын, жансыздандырудың ерекшеліктерін, маңызды анатомиялық құрылымдардың зақымдану қаупін объективті дұрыс бағалап, іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер сәл күмән туатын болса науқасты ауруханаға жатқызылу қажет. Ал егер манипуляция емханада жасалған болса, ошақтан іріңнің еркін ағуы қамтамасыз етіледі. Ол үшін жараға резеңкелі немесе дәкеден жасалған дренаждар қойылады. Балаларға дөрекі дәрілік тампондар қолданылмайды, себебі олар тіндердегі некротикалық өзгерулердің көлемін үлкейтеді. Алғашқы күндерден бастап іріңнің бөлінуі тоқтағанға дейін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен жараны таңып қояды.
Қабыну процесін және некроз ошағын шектеу үшін ең алдымен зақымдалған дене бөлігінің тыныштығы қамтамасыз етіледі (иммобилизация). Процестің өту сатысына байланысты әртүрлі қосымша емдеу шаралары өткізіледі. Зақымдану ошағының айналасында фибринді азайту мақсатында жергілікті жерде антикоагулянттарды енгізуге болады. Іріңді ошақты антисептикалық және антибиотик ерітінділерімен тұрақты жуу тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол ошақтағы флораның ғана емес, сонымен қатар іріңді қабыну өнімдерінің де жойылуына әсерін тигізеді. Емдеу кезінде жылулық және физиотерапевтік шаралардың орны ерекше.
Жылу процедураларын (жылытушы компрестер, жергілікті жылы ванналар, парафинді және лай аппликациялары) ірің түзілмей тұрғанда, қабынудың инфильтративті сатысында қолданады. Жылу процедуралары активті гиперемияны күшейте отырып, инфильтраттың сіңірілуін қамтамасыз етеді, тін трофикасын жақсартады, тамырлардың тарылуын жояды және қабыну ошағындағы қышқыл өнімдерінің құрамын азайтады. Осыған байланысты ауру сезімі айтарлықтай төмендейді.
Физиотерапевтік процедуралар (кварцтық сәулелер, УВЧ, электрофорез) жергілікті процеске әсер ету жүйесіне жатады. Кварцтық сәулеленудің бактерицидті әсері бар, сондықтан беткей қабыну процестерінде қолданылады (тілме, терінің кейбір іріңді қабынулары). Ол тітіркендіргіш әсер етедіде беткей – активті гиперемия туғызады. Эпителизацияны жылдамдату, грануляцияны тездету мақсатында кварц қолданылады. УВЧ - терапияны терең орналасқан ошақтарда, оның ішінде лимфадениттерде қолданған дұрыс. Электрофорез арқылы ошақ аймағының антибиотиктермен, антикоагулянттармен және басқа да дәрілік препараттармен жергілікті қанығуы қамтамасыз етіледі.
Жалпы көріністері айқын болса (әлсіздік, дене қызуының 38-39Ә-қа көтерілуі) емге антибактериальді дәрілерді қосады. Мұндай жағдайда науқасты ауруханаға жатқызған жөн. Сыздауығы бетінде орналасқан балаларды тез арада ауруханаға жатқызу керек.
Қайталанған жеделдеу, созылмалы ағымды сыздауық және фурункулезді емдегенде макроорганизмге әсер ететін тиімді әдістерді қолданған дұрыс. Балаларға В және С тобының витаминдерінің жоғары мөлшерін, пассивті немесе активті иммунизацияны тағайындайды.
Сомның емделуі тек хирургиялық: ірің ошағын сау тіндерге дейін корсет тәрізді тігілумен кең ашады, міндетті түрде некрозданған тіндерді алып тастап, дренаж қояды. Карбункулы бар науқастардың емі ауруханада.
Байжанова Зарина Сейтжановна
«Тараз-Болашақ» медициналық колледжі» ЖШС