Оқушыларға
Машина жасаудың экономикадағы рөлі
№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Ұшқын Нұрбек Қайратбекұлы
Жетекшісі: Ибраемов Аманолла Мейрамханович
Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:
1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);
2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);
3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).
Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құралжабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?
Орналасу факторлары мен географиясы
Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды көп қажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмолаоблыстарында шоғырланған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Машина_жасау_кешені