24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Тауық не жабайы құс сүбесінен әзірленген табиғи котлеттер






«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК
Орындаған: Данарқулова Диана Оразақынқызы
Тобы: 13-А
Жетекшісі: Набиева Назира Калдыбековна

Инструктивті-технологиялық карта

Сабақтың тақырыбы: Тауық не жабайы құс сүбесінен әзірленген табиғи котлеттер

Сабақтың мақсаты: Тауық не жабайы құс сүбесінен әзірленген табиғи котлеттерді даярлауды рецептура жинағы бойынша үйреніп, технологиялық картамен жұмыс жасау әдісін көрсету.

Аунатпалап қуырылған құс сүбесінен әзірленген котлеттер




Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы


1

Құс еті

192

69


2

Бидай наны

17

15


3

Жұмыртқа

1/7

6


4

Сары май

10

10


5

Гарнир № 685, 696, 733, 735

-

150


6

Шығым :

-

230


Аунатпалап қуырылған құс немесе жабайы қанаттылар сүбесінен әзірленген котлеттер. Дайындалған жартылай шалафабрикатты алтын түсті қуырма қабық пайда болғанша көп мөлшердегі майда 5-7 мин қуырады. Сосын табаға салып 2-3 қуыру шкафына қояды. Ұсынар кезде сыбаға табағына не тәрелкеге 3-4 көкөніс түрінен тұратын күрделі гарнир салып, жанына бидай нанынан дайындалған нан тілімшесін салып, оған даяр котлетті қояды. Сүйекшелерге дайын папильотка кигізеді. Гарнирді зембілшеге салуға болады.

Астаналықша құс




Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы


1

Құс еті

272

98


2

Бидай наны

37

33


3

Жұмыртқа

1/2

20


4

Сары май

20

20


5

Гарнир № 685, 697, 732, 740

-

150


6

Шығым :

-

290


Астаналықша құс немесе жабайы қанатты (шницель). Әзірленген жартылай фабрикатты берер алдында тікелей қуырады. Ол үшін оны қыздырылған майы бар табаға салады да, қуырма қабық пайда болғанша қуырады. Сосын қуыру шкафында 3-5 мин ұстайды. Ұсынар кезде сыбаға табаққа не тәрелкеге 3-4 көкөністен тұратын күрделі гарнир салып, жанына нан тілімшесін қойып, оған шницель қойып, үстіне қалбырланған жеміс және гүл түріндегі салқындатылған сары май салады.