24 Қараша, Жексенбі

Оқушыларға

Ағаш өңдеу жабдықтары






Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№16 колледж
Орындаған: Ж-56 топ студенті Бердалы Ғабит Мусаұлы
Жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Пантаев Еркеғали Сыдықұлы



Ағаш аралайтын жақтаулар — бөренені бойлап аралайтын машина.

Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар-араланған материалдарды дайындамаларға пішіндейтін тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.

Ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайлар - мочевинді және фенол формальдегидті шайырлармен байланыс-тырып ыссы күйде қысымдау арқылы ағаштың ағаштың жаңқалары-нан жасалған материалдар.

Ағаш кесетін құралдар-ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыландырылған); беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар); ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар); ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т.б.).

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары-(ор. оборудование лесопильного производства) — бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материал-дар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.

Ағаш көмірі - ағашты 623 ... 873° К температурасында ауасыз пештерде көміртегін күйдіру арқылы жасалатын кеуекті зат.

Ағаш құрылымдары - толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т.б.). Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т.б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т.б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш қоспасы- сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.

Ағаш материалдарды тілетін екіқабатты жақтау- механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 ... 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 - 700 мм.

Ағаш материалдары-табиғи сүректі байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаш материалдарын кесіп өңдеу-ағаш бұйымына сызба бойынша берілген пішінді, өлшемдерді және беттеріне қажетті сапаны қамтамасыздандыру үшін ) қаңқаны кесіп алатын өңдеу үрдісі. Ағашты белгіленген кесіп өңдеу үрдісінің сапасын көрсететін қасиеттерінің жинағы келесі көрсеткіштерден тұрады:

1) ағаштың тұқымы;

2) өңделетін материалдың түрі (дөңгелек бөрене, қырлы жуан бөрене, тақтай, дайындама);

3) кесіп өңдеу технологиялық тәсілі (жақтаумен, таспамен, дөңгелек аралармен аралау; цилиндрлік, конустық, шетжақты, ойықты жоңғылармен жоңғылау; бұрғылау; жону; аршу, т.б.);

4) кесу түрі;

5) бас қозғалысқа қарағанда салыстырмалы беріс қозғалысының бағыты (қарама-қарсы, жолай);

6) кескіш құралдың материалы мен құрылымының ерекшелігі (жүзінің қоспаланған болаттан жасалуы, тез кескіш болаттан жасалуы, қатты қорытпаның тілімімен жабдықталуы, араның тістерінің ажырасуына, жұқартылуына немесе тілімдерінің жан-жаққа ілінуіне, пышақтың жаңқаны сындырғышы, тіреуіші, қысқыш сызғышы бар-жоғы т.б.);

7) ағаш кескіш білдектің құрылымдық ерекшелігі (иілткішпен немесе конвейерлі, үздіксіз немесе периодты берісті, кесетін бір немесе бірнеше құралдар қойылулы т.б.).

Ағаш материалдары, ағаш түржиындары-(ор. лесоматериалы, лесные сортаменты) — табиғи құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған ағаштан істелген материал.

Ағаш өңдейтін білдектер-(ор. деревообрабатывающие станки) — табиғи ағаш материалдарынан қажетті пішінді және өлшемді бұйымдарды кесіп өңдеу арқылы жасайтын машина. Атқаратын жұмыстарына қарай ағаш өңдейтін білдектер келесі түрлерге бөлінеді: ағаш кесетіп, ию арқылы өңдейтін, құрастырушы, желімді жағу және таза өндеу т.б,