Оқушыларға
Картоп өсіру технологиясы
№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Ф-61 топ студенті Асықбаев Оралбек Темірбекұлы
Картоп өсіру технологиясы
Картоп алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жатады,шөптекті, көпжылдық,жылу сүйгіш өсімдік. Оның отаны –Оңтүстік Америка. Картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігінде түйнектері болады.Түйнек дегеніміз- өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан. Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе , одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп гүлдеп , жасыл жидек береді.Бұл оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі-көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады.
Қазақстанда картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылы.Адамдар оны бағалы тағам ретінде пайдаланады, себебі оның түйнегінде әр түрлі дәрумендер ( А,В,В1, В2,С,К) болады. . Картопты ел арасында « екінші нан» деп атайды. Картоп сонымен қатар құнды мал азығы.Малға жем ретінде түйнегі ,сонымен қатар крахмал мен спирт өндірісінде қалған қалдықтары да пайдаланылады. Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өніп өсуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8 С жылу болуы қажет.Бірақ мұндай температура +18-25 С болса , картоп 13-15 күнде өніп шығады.Картоптын сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура +17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарлауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Мысалы , температура +3-5 С-тан төмен, ал +35 С-тан жоғары болса, картоптың өсіп-өнуі тоқтатылады. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2 С болғанда, картоптың түйнегі үсіп кетеді. Картоп алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша көп қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса , оның тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астыңдағы сабақтары бұтақтанып, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі әрі кеш піседі. Оның ойдағыдай өсіп – дамуы үшін ауа еркін өтетін кеуек топырақ қажет. Сондықтан қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Суармалы жерлерде картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дақылдар мен дәнді бұршақ ,көкөніс ( пияз, сәбіз, қияр ) жатады.Егер топырақ дұрыс өңделіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде берілсе, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы егуге болады.Дегенмен тұқымға арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде 3-4 жылдан кейін отырғызған жөн. Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы да үлкен. Бір тонна өнім мен сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор мен 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Суармалы аймақтарда күзде жер жырту алдыңда әр гектарға 40-50 тонна көң, 6.5 центнер калий тыңайтқыштарын РУМ-5, РОУ-6 машиналарымен шашып , түренді соқалармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп түйнектерін отырғызар алдыңда сорттап, іріктеп алады. Түйнектерді отырғызуға 5-6 күн қалғанда,оларды күнге қыздырады.Картопты отырғызудың жақсы мезгілі – топырақтың 10 см тереңдікте +6-8 С-ка дейн қызған кезі болып есептеледі. Бұл мезгіл оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басында.Отырғызуды қысқа мерзімде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектері өніп, сапасын жояды.Картоп түйнектерін егетін жері дайын болған кезде ,егудің екі тәсілін қолдануға болады. Өсімдік көктеп шыққан кейн шөптеп ,түптеу қажет.Өсу кезіңде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.Күз кезіңде қазған картопты сорттап арнайы жерде сақтау керек.
Картоп түйінегіндегі крахмал мөлшерін тыгыздығы бойынша анықтау.
Реактив. Натрий хлоридінің 20 проценттік ерітіндісі.
Анализ б а р ы с ы.
1. Натрий хлоридіпің 20 проценттік ерітіндісін әзірле де, оны үлкен шыны стаканға құй (15-сурет).
2. Ерітіндіге 3—5 картоп түйнегін салып, ол ерітінді ішінде қалқығанша, яғни картоп тығыздығы сол концентрациядағы ерітінді тығыздығыққа тең жайлап су құй.
3. Осыдан кейін картоп түйнегін алып, ерітіндіні биік цилипдрге қүй да, алынған ерітінді тұзының тығыздығын ареометрден анықта. 4.30-таблицадан зерттелетін түйнектің тығыздығы бойынша крахмал санын тап.
Крахмал саны крахмал мен кант мөлшерінің жиынтығы болып саналады. Өнбеген, қалыпты жағдайда сақталған картоптың таза крахмалын есептеу үшін крахмал санынан 1,5%-ті шегереді, бұл сан картоп түйнегіндегі қант мөлшеріне сәйкес келеді
Көкөністің тамыржемістің сөгіндігі құрғақ заттар мөлшерін рефрактометриялық тәсілмен анықтау.
Заттар концентрациясын ерітінділердің сыну көрссткіші бойынша анықтайды.
Анализ барысы. Көкөніс жемісінің үлгісін үкіште үгіп, дәке аркылы сөлін ал (оны қол прееімен де сылып алуға болады). Сөлдің 2—3 тамшысын рефрактометрдіц төменгі призмасына қойып, прибор нұсқауын пайдалана отырын құрғақ зат мөлшерін анықта.
Топырақтың жалпы ылғалдылығын анықтау.
Топырақтың жалпы ылғалдылық көрсеткішіне өсімдікке енетін және енбейтін топырақ ылғалының барлық түрі жатады және топыраққа анализ жүргізген сәттегі топырақ күйін сипаттайды.
Анализ барысы
1. Алюминнй стаканды қақпағымен қоса немесе шыны бюксті нөмірле және массасын тұрақтандыр.
2. Осы стаканға егістен алынған топырақ сынамасын салып қақпағын жап.
3. Топырақ салынған стаканның салмағын өлшеп, қақпағьн ашып, температурасы 105°С кептіру шкафына 6 сағатқа қой.
4. Содан кейін стаканның кақпағын жауып, салқындату үшін эксикаторға қойып, 0,01 г дәлдікке дейін салмағын өлше.
5. Қақпағын алып, стаканды кептіру шкафына, тағы да 1 сағат қой.
6. Стаканды тағы да жауып, салқындат және сол дәлдікпен салмағын өлше.
Егер бірінші және екінші өлшеудің нәтижесі сәйкес келсе, онда кептіруді тоқтат, егер өлшеуде айырмашылық болса, онда соңғы екі өлшеудегі масса сәйкес келгенше кептіруді қайталайды.
7. Төмендегі формула бойынша топырақтағы жалпы ылғалды (% есебінде) есептеп шығар:
х=(m2-m3/m3-m1)*100
мұндағы m1 — бос стакан массасы (г); m2 — кептіруге дейінгі стаканның топырағымен қоса массасы (г); m3—кептіруден кейінгі стаканның топырағымен қоса массасы (г).
2. Жұмыс нәтижесін мына форма бойынша жаз:
Әдебиеттер:
1. Химия ауыл шаруашылығында: (Агрохимия негіздері): // А.А.Сударкина, И.И.Евсеева, А.Н.Орлова.- Орысша төртінші басылымнан аудартылған. Алматы: Мектеп, 1989. 137 бет.
2. Агрохимия. (под ред. Б.А.Ягодина), Москва, 1990.
3. Елешов Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия, Алматы, 1989.
4. Минеев Г.В. Агрохимия, Москва, 1990.
5. Ефимов В.Н., Донских И.Н., Синицин Г.И. Система примененияудобрений. Москва, 1984.
6. Химия мектепте журналы. 2006-2009 жж.